Бар (КАК ЕСТЬ) моделін құру. Кәсіпорынды тексеру кез-келген жобаны құру немесе корпоративті ақпараттық жүйені дамытуда. Бар (КАК ЕСТЬ) фунциональды моделінқұру өндірістегі маңызды процестерді және жеке процесстерді өндірімтерде жүзеге асырады. Бар (КАК ЕСТЬ) фунциональды моделі өнеркәсіпке анализ жіберудің бірден-бір нүктесі болып табылады. Маңызды процесстердің проектілерін өңдеуде маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.
Қалай болады (КАК БУДЕТ) моделін құру. Корпоративтік ақпараттық жүйесін құру және енгізу, шарттарын орындалуын, кәсіпорынның жекелеген операциялардың құрылымын іскерлік процестердің өзгеруіне әкеледі. Бұл қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын кәсіпорында түрлендіруге, бизнес-ереженің жүйесінің өзгеруіне әкеледі Қалай болады (КАК БУДЕТ) функциональды моделі жобалау сатысында болашақ ақпараттық жүйені анықтауға мүмкіндік береді. Қалай болады функциональды моделін қолдану тек қана тек мерзімдерін қысқартуға ғана емес, сондай-ақ ақпараттық жүйені енгізу, персоналдың ақпараттық технологияларды қолданудағы тәуекелдерді азайтуға пайдаланылатын персоналдың ақпараттық технологиялар.
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл үдерісте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техника-сына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі (КЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:
ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;
ақпараттық қамтамасыз ету;
бағдарламалық қамтамасыз ету; техникалық қамтамасыз ету; ұйымдық-
құқықтық қамтамасыз ету; технологиялық қамтамасыз ету; кадрлық қамтамасыз ету. ҚЕАЖ-дың құрамына қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы
әзірлейтін мынадай біріктірілген ақпараттық жүйелер (БАЖ) кіреді:
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;
«Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;
«Нормативтік-анықтама ақпарат деректерінің базасы» БАЖ-ы;
«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» БАЖ-ы;
«Бюджеттік үдерістің монитрингі» БАЖ-ы;
«Мемлекеттің талаптары мен міндеттерін басқару» БАЖ-ы;
«Қаржылық бақылау комитеті» БАЖ-ы;
Жоғарыда аталған жүйелер Қазынашылық комитетінің, Салық комитетінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Ұлттық банктің, Статистика жөніндегі агенттіктің және басқаларының ақпараттық жүйелерімен тығыз түйіндес болады.
Қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі мына мемлекеттік органдарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (орталық аппарат);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (орталық аппарат және аумақтық органдар);
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
(ҚР Э және БЖМ);
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (ББӘ);
Мемлекеттік мекемелер(ММ);
Жергілікті қаржы органдары;
Ақпараттық жүйелерді әзірлеумен және қаржылық қызмет саласында
ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетумен Ақпараттық қаржы жүйелерінің орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Қаржы министрлігінің АҚЖО РМК айналысады.
Предметі мен қызмет мақсатына сәйкес АҚЖО РМК-нің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қаржы министрлігінің бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық есептеу қызметтерін көрсету; министрлік бекіткен жоспарларға сәйкес қазіргі технологиялар мен бағдарламалық құралдарды әзірлеу және енгізу;
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің үлестік қатысуы бар шаруашылық серіктестіктері бойынша реестр иесінің функцияларын жүргізу;
министрліктің жоспарларына сәйкес министрліктің бөлімшелерін есептеу, коммуникациялық техника және оргтехника құралдарымен қамтамасыз ету;
ақпараттық технологияларды енгізу жайында мемлекеттік мекмелер бойынша үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Біріктірілген ақпараттық жүйелердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі (РБЖҚБАЖ-ы) келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру үдерсінің төрт негізгі стадияларын автоматтандыруға және үш жылдық кезеңге жобалық көрсеткіштерді анықтауға арналған.
РБЖҚБАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру стадияларының жүйелілігі мен функциялылығының қағидаттары бойынша бөлінген алты қосалқы жүйелерден тұрады:
«Бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін анықтау» қосалқы жүйесі;
«ББӘ бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджет жобасын қалыптастыру және шешімдер қабылдау» қосалқы жүйесі;
«Әкімшілік ету» қосалқы жүйесі.
Деректердің негізгі ағындары «Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» ақпараттық жүйесі басқа жүйелермен біріктірілген. Жүйе бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелерден ақпарат және ҚР Э және БЖМ-ға бюджеттің шығыс бөлігі бойынша біріктірме деректер жинауға жағдай жасайды.
Ақпаратты жинау кезінде деректерді сақтау сызбасының бөлгіштік сипаты болады және құрылымдық тұрғыда үш деңгейге бөлінген: бірінші деңгей – ҚР Э және БЖМ-де орналасқан деретердің орталық базасы, онда бүкіл бастапқы ақпарат сақталады. Екінші деңгей – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректер базасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен барлық ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Үшінші деңгей – мемлекеттік мекемелер деректерінің базасы – мемлекеттік мекемалердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Деңгейлер арасында ақпарат алмасуды әрбір деңгей деректерінің базаларын әкімшілер деректерді берісу арқылы жүргізеді. Деректерді берісу байланыстың бөлінген арнасы, байланыстың коммутелінген арнасы, не электрондық пошта арқылы файлдық алмасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Жүйенің сол не өзге клиенттерінің деректеріне кіруді жүйе әкімшісі реттеп отырады.