Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе



бет1/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций


Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары.
Кіріспе. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бағдарламасы қазіргі заманғы IT-технологиялар саласына сәйкес осы мамандықтың бакалаврларын дайындауға бағытталған. Түлектер, компьютерлік және ақпараттық қызметтерде, мемлекеттік басқару органдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, қаржы ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жобалық ұйымдарда, оқу орындарында, коммерциялық компаниялар мен фирмаларда жұмыс жасай алады. «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті Мемлекеттік стандартына сәйкес, жоғары білім беру бағдарламасының іске асырылуы және оның дамуы «кредиттік технология бойынша оқытудың оқыту үдерісін ұйымдарстыру негізінде атқарылады және кәсіптік құзыреттіліктері қалыптасуын мақсат тұтқан, жаратылыстану ғылымдарына, математикалық және инженерллік дайындыққа ерекше мән берілген.
Кәсіптік қызметтің типтік міндеттері 5В070300 – "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіптік қызметтінің типтік міндеттері төмендегідей болуы мүмкін: - ақпараттық жүйелерін және жалпы ақпараттық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және дайындау; - ақпараттық жүйелерді инсталляциялау, конфигурациялау және желілік инфрақұрылымды басқару; - ақпараттық жүйелер мәліметтер қорын жобалау және басқару; - ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдыққұқықтықты қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер және олардың элементтерін сүйемелдеу. Түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар Жалпы білім деңгейіне қойылатын талаптар Жаңа формациядағы маманды дайындау, іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашы, ғылыми ізденіске және шығармашылыққа қабілетті, 6 өзгермелі еңбек нарығы талаптарына және иеленетін технологияларға бейімдеу. Әлеуметтік-этикалық құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар: Командада жұмыс істей білетін, кәсіби мәдениеті жоғары, оның ішінде кәсіби мәдениет, пікір алмасу, азаматтық ұстанымы бар, әр түрлі әлеуметтік тұлғалық мәселелерді шешуге қабілеті, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға, қажеттіліктері мен дағдыларын өз бетімен шеше алатын, шығармашылықты, жаңа білімді белсенді өмірлік қызметімен байланыстыра алатын жаңа формациядағы маманды дайындау;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет