Кәсіпкерліктің кез келген түрінде кәсіпкер әрдайым капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуға ұмтылады. Бұл үшін кәсіпкер өндірісті үзбей жалғастырып, ұдайы өндіріс үдерісін жүзеге асырады. Ұдайы өндірістің үздіксіздігі өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді.
Капитал - бұл табыс әкелетін кез келген нәрсе немесе адамдар тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жасаған ресурстар. Тар мағынада капитал – бұл іске салынған табыс көзі, өндіріс құралдары түріндегі жұмыс істейтін табыс көзі.
Кез келген қордың негізгі міндеті – қызмет мақсатына сәйкес оларды одан әрі бөлу үшін қаражатты жинақтау.
«Қор» термині көп мағыналы және оның бірнеше түсіндірмесі бар. «Қор» терминінің мағынасы осы ұғымның әртүрлі белгілері мен параметрлеріне негізделген, қорлардың әртүрлі түрлері арасындағы айырмашылықтарды біріктіретін немесе көрсететін табиғи жіктеу арқылы жақсырақ ашылады.

Капитал - бұл табыс әкелетін кез келген нәрсе немесе адамдар тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жасаған ресурстар. Тар мағынада капитал – бұл бизнеске салынған табыс көзі, өндіріс құралдары түріндегі жұмыс істейтін табыс көзі. Көптеген айналымдар бойынша өндіріске қатысатын капиталдың бір бөлігі болып табылатын негізгі капиталды және бір цикл ішінде тартылатын және толық жұмсалатын айналым капиталын ажырату әдетке айналған. Ақша капиталы деп физикалық капитал алынатын ақша түсініледі. «Экономикаға, өндіріске материалдық және ақша ресурстарының күрделі салымдары» деген мағынаны білдіретін «капитал» термині күрделі салымдар немесе инвестиция деп те аталады.
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың қызметі болып өндіріске жағдайлар жасау табылады:
... Ө ...
Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме құн (қосымша пайда) өндіру қызметін атқарады:
... Т’ – А’
Дайын тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізгеннен соң кәсіпкердің қарамағына пайда ретінде түседі. Бұл сатыда тауарлық капитал тағы да жаңадан ақша капиталына айналады.