Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады
Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.
Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда материалдық (физикалық) және моральдік (сапалық) тозуға ұшырайды.
Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда материалдық (физикалық) және моральдік (сапалық) тозуға ұшырайды.
Материалдық тозу – бұл негізгі капитал элементтерінің физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалып өздерінің тұтыну құнын жоғалтуы.
Негізгі капитал материалдық тозуға мынадай жағдайларда ұшырайды:
- жұмыс уақытында капиталдың қызмет ету үдерісінде;- табиғат күштерінің әсерінен жұмыссыз қалған кезеңде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік – тұтыну құнының жойылуы;- құндық – құнның жаңа өнімге көшуі.
Моральдік тозу – бұл негізгі капитал, еңбек құралдары құнының төмендеуі нәтижесінде немесе олардың өнімділігінен жоғары сапалы еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құн бағалылығының жойылуы.
Моральдік тозудың екі түрі болады:
- еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
- құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілдірілуі, өнімділігі мен рентабельділігі (тиімділігі) жоғары болады.
Аталған екі жағдайда да негізгі капитал тозуға ұшырайды, құны төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептеледі. Мұндай жағдайлар амортизациялық қор құруды талап етеді. Амортизациялық қор – бұл негізгі капитал қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын амортизациялық жарналар. Амортизациялық қордың қаражаттары ескірген құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықтарды жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және басқа да құралдарды сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизациялық қор өндірісті ұлғайту үшін қолданылады, капитал қорлануының қосымша көзі ретінде қызмет етеді.

Өндіргіш капиталдың, яғни негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызмет ету сапасы мен тиімділігін бірқатар көрсеткіштер анықтайды.