Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) – негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Негізгі капитал корының көрсеткіштері:
1. Қор қайтарымдылығы. Негізгі капитал қорының мың теңге құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды және ол бір жыл ішінде өндірілген дайын тауар құнының негізгі капитал қорының орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:
ҚҚ = ТӨ / ҚО .
Мұнда, ТӨ – теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза өнімнің тауарлы немесе атаулы құны; ҚО – теңгемен есептегенде негізгі капитал қорының орташа жылдық құны.
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлемін (ТӨ) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені құрады. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші қаншаға тең?
Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге.
3. Қормен қарулану (Ққ) – бұл көрсеткіш ақшалай немесе ақшалай емес бірлік деңгейіндегі негізгі өндіріс қорларымен жабдықталу дәрежесі. Оны негізгі өндірістік қор құнының көлемін, орташа жылдық өнеркәсіп өндірісінде істейтін жұмысшылар санына қатынасы арқылы анықтайды.

Ққ = ҚО / Жс .
Мысалы: Кәсіпорында негізгі капитал қорының орташа жылдық құны 180 мың теңгені құрайды, ал орта тізімдегі өнеркәсіптік өндіріс жұмысшыларының саны 600 адам болды. Қормен қарулану көрсеткіші қаншаға тең?