Дәріс Тақырыбы: Педагогика ғылым ретінде Қарастырылатын сұрақтар: Педагогика ғылымының даму кезеңдері Педагогиканың пәні, объектісі



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі81 Kb.
#95684
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 (2)
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, кітап 2, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды (И.В.Сластенин).
Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшем көрсеткіштерінің өзгеру процесі.
Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.
Ресей педагогы И.П. Подласый педагогикалық категориялар арасындағы байланысты төмендегідей көрсетеді:








Педагогика курсы төмендегі бөліктерден тұрады: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.


Педагогиканың жалпы негіздері бөлімінде педагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері: әдіснамалық негіздері, педагогикалық зерттеу әдістері, жеке тұлға, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері туралы қарастырылады. Тәрбие теориясы бөлімінде біртұтас педагогикалық процесс, тәрбие мақсаты, тәрбие мазмұны, тәрбие әдістері, балалар ұжымы, сынып жеткшісінің қызметі, дүниетаным, отбасы тәрбиесі туралы қарастырылады. Дидактика бөлімі оқыту процесі, білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары, сабақ, оқыту әдістері, оқытудың танымдық іс-әрекетін белсендіру, оқу- тәрбие жұмысынң нәтижелерін есепке алу мен бағалау, педагогикалық технологиялар туралы танысасыздар. Мектептану бөлімінде оқу- тәрбие процесін басқару, мектепішілік басқару, әдістемелік қызметті ұйымдастыру, мектеп жұмысын жоспарлау, мектеп және оқушы құжаттары, мұғалімдерді аттестацияялау туралы баяндалады.


3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

3. Педагогиканың дамуында оның басқа ғылымдармен байланысы ерекше маңызды роль атқарады. Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында философия, әлеуметтану, этика, анатомия, эстетика, адам физиологиясы, гигиена, математика, кибернеика ғылым салаларының білімдерін, идеяларын қолданып келеді. Аталған және басқа да ғылым салаларынан көптеген идеяларды педагогика өзінің зерттеу аймағы тереңірек түсінуге және соның көмегімен тәрбиенің теориялық негіздерін нақтылауға пайдаланылады.


Мысалы, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда әдіснамалық тараптан жәрдемдеседі., яғни педагогикалық құбылыстардың сырын ашуға бастау жолды көрсетеді.
Психология деректері педагогика үшін жеке адамның тұлғалық ерекшеліктерімен оның ішкі жан дүниелік заңдылықтарын балаларды оқыту процесінде дұрыс пайдалануға бағыттайды. Психологияның зерттеу әдістері (рейтинг, психомеирия, жұптық салыстыру және т.б.) педагогиалық міндеттерді шешуде қолданылады.
Физиология іс- әрекеттің шартты рефлекстегі жөніндегі идеялар адамда сыртқы әсерлердің ықпалымен болып жатқан өзгерістердің және тәрбиеленушіде ептілік, дағды, іскерліктердің қалыптасуының ғылыми негіздерін ашуға өз себебін тигізеді.
Педагогиканың әлеуметтанумен жан-жақты байланысты. Әлеуметтану қоғам туралы біртұтас жүйе ретінде және қоғамның бөліктерін ( әлеуметтік жай, топ және т.б.) зерттейтін ғылым. Әлеуметтік зерттеулер арқылы педагогтар, ұстаздар қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы, оқушыларға қоғамның әсері туралы біле алады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын балалардың денсаулығын зерттеу арқылы ғана түсіндіруге болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін қажет етеді.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға- тарихқа, этнографияға, заң ғылымдарына, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. ғылымдарға таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негізі) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсер ететді.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын төмендегі сызба арқылы көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет