Дәріс тақырыбы:
Психологиядағы тұлға мәселесі
Жоспары:
1. «Жеке тұлға», «индивид», «даралық», анықтамасы және феномендер туралы түсінік.
2.Тұлғаның әлеуметтік және биологиялық ара-қатынасы.
3.Тұлға құрылымы.
Негізгі әдебиеттер:
1.Немов Р.С. Психология 1к. М -2000 гл-1
2.Столяренко Л.Д. Общая психология
М-2001 гл-1
3.Рогов Е.И. Общая психология М-2001
4.Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология
А-1998
5. Н. Берікұлы Жантану Ақтөбе-2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Климов Е.А. Общая психология М-2001
2.Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері
А-2001.
1. «Жеке тұлға», «индивид», «даралық», анықтамасы және феномендер туралы түсінік.
Əлеуметтiк қатынастар субъектiсі əрi əлеуметтiк мəндi қасиеттердiң иегерi ретiнде əрбiр адам - жеке тұлға болып сипатталады. Психологияда "адам", "жеке тұлға", ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Бұл түсiнiктердiң əрқайсысы өз ерекшелiктерiмен ажыратылады, бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Осылардың iшiнде ең жалпыланған, көп қасиеттердiң бiрiгуiн - "адам" түсiнiгi қамтиды.
Адам - өмiр дамуының ең жоғарғы деңгейiнiң көрiнiсi, қоғамдық еңбек барысының жемiсi əрi табиғат пен əлеуметтiк болмыс тұтастығын аңдататын тiршiлiк иесi. Алайда, адам əлеуметтiк - тектiк мəнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретiнде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесiнен бөлектенбейдi. Индивид - тектiлердiң өкiлi, адамдық даму нышандарының иесi нақты адам. «Homo sapiens»- саналы адам. Даралық - нақты адамның табиғи жəне əлеуметтiк қабылдаған қайталанбас ерекшелiктерi мен қасиеттерi. "Жеке тұлға" - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.
Жеке тұлғаның үш ерекшеліктерін атап өткен жөн. Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көрністерінің өзгермелігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |