Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыру,тәрбиелеу және дамыту мәселесі



Дата26.11.2022
өлшемі15,63 Kb.
#159988
түріСабақ
Байланысты:
Бейсенбай Бейбит СРСП3 МиИ-21-1
Динара реферат, 00010109-6fd16362, 210831239852, мат талдау, РЕФЕРАТ журналистика тарих, 1 group reading (2), ҚБ математикалық талдау II студ (1)

СОӨЖ.
Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыру,тәрбиелеу және
дамыту мәселесі
1. Педагогикалық әдебиеттерді қолдана отырып, тұлға
дамуы факторларының сипаттамасын беріңіз.
2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары
3. Тұлғаға әсер етеін факторлар туралы баяндаңыз.
4. «Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның
дүниетанымы» тақырыбына жоба құраңыз.
1. Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады.
Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам.
Даралық - бір адамды баска адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдык, элеуметтiк және тағы баска қасиеттерінің жиынтығы.
Тұлғаның қалыптасуы - барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялык және т.б.) әсерiнен индивидтiн тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалык өлшемдердiң өзгеру процесі.
Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжiрибелерiн меңгеру процесі.
тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.
2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары. Биологизаторлық теория - адам ол биологиялық тіршілік иесі.
Тұлғаның рухани қасиеттері табиғи негізде қалыптасады, даму және мінез-құлық туа біткен қажеттілік. Қажеттілік пен қызығушылық инстинкттермен, сыртқы талаптармен анықталады. Тәрбие табиғи дамуды жылдамдатады немесе тежейді.
Әлеуметтік теория - Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді, бірақ өмір сүру барысында ортаның әсерінен әлеуметтенеді. Тұлға қалыптасуында негізгі фактор - әлеуметтік фактор. Тәрбие ортаның ықпалын реттеуге бағытталады.
Биоәлеуметтік теория - адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі: психикалық процестер (қабылдау, ойлау, сезіну және т.б.) биологиялық сипатқа ие, ал бағыттылық, қабілеттіліктер объективті және арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік орта әсеріне байланысты. Бұл көзқарас өзін-өзі тәрбиелеу мен іс-әрекеттің ролінің маңызын төмендетеді.
3. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар

Тұқым қуалаушылық


Орта:Табиғи,үй іші,әлеуметтік
Тәрбие:Мектепке дейінгі баланын іс-әрекеті: Ойын, енбек.
Мектеп баласынын iс- әрекеті: Оку, енбек, ойын.
Бала белсенділігі.Қарым-қатынас жасау.Таным бесенділігі.
Тұқымқуалаушылық деп генетикалык код аркылы атадан балага түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттер нышанының берілуін айтамыз.
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған, туа біткен нышандарды түзететiн, микро- органы өзгертетін процесс.
Табиғи орта - бұл түрлi табиғат жағдайының адам тұрмысына кызметiне ықпал жасауы.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мiнез-құлқының дамуына ыкпал жасайтын әлеуметтiк катынас, олардын көп кырлы іс-әрекеттері.
4. Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің ,ғылымның негіздерін және мінез –құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Ғылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет