Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады
.
1. Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінен білім беру міндеттері- қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту.
2. Жалпы орта мектептердегі оқушыларға тәрбие беру міндеттері- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйретуге, дене бітімін жетілдіруге негізделген.
Гимнастика, ойындар,туризм, спорт, табиғи күштер (күн, ауа, су), гигиеналық факторлар (еңбек және демалыс режимі, тамақтану, киім), жаттығу орнының санитарлық нормалары
Дене тәрбиесі сабақтары, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс спорттық жұмыстар: үйірмелер, секциялар, спорттық мейрамдар және жарыстар, мектептегі дене шынықтыру–сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сабақтағы дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған күн режиміндегі және үзілістердегі дене жаттығулары мен ойындар) Өэ бетінше жаттығу
Міндеттері
Құралдары
Әдістері
Формалары
Білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылды:
-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
Дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру, қажетті міндеттер
үш тобын құрайды.
Олар - сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.
Мектептерде күн тәртібіне енген дене жаттығулары мектеп оқушыларының дене және ақыл-ойының дамуына жақсы әсер етеді. Мектепте болған уақытында қозғалу белсенділігін 40% арттырғанда және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын бағытты жүргізгенде физиометриялық көрсеткіштердің өзгеруіне оң әсер етеді және аурушаңдыққа да қарсы күресе алады. Зерттеулер деректеріндегі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінде әр түрлі дене жаттығуларының және қозғалу ойындарын оңтайлы нұсқада пайдалана алуы, олардың еңбекке және ақыл-ой қабілеттіліктеріне маңызды әсер ететіндігін дәлелдеген және олардың жалпы жағдайы да жақсарта түседі.
10-13 жас аралығындағы биологиялық қозғалысқа деген мұқтаждық күніне 4 сағатты құрайтынын білдіреді. Осы санда уақыттың 20% орташа дене жүктемесін атқарады, қалған уақытта – ең кіші жүктемемен орындайды. Соңғы уақытта өмірдің жақсы жағдайына қарай жасөспірімдер аз қозғалу позициясын ұстануда (көбіне көп теледидар көру немесе компьютер ойнау т.б.), яғни гипокинезия жағдайында өмір сүруде.
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың теориялық білімдерін (жалпыбілімдік және биологиялық) тереңдетіп және тиісті жаттығулар мен ойындарды өз бетінше орындаудағы білік-дағдыларын қалыптастыру:
- олардың орындалу техникасын және әдісін үйрету;
- өзін-өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін үйрету (ЖЖЖ фиксациясы, қимыл сапасының даму деңгейін анықтау);
- үйде және басқа жағдайда өткізілетін өз бетінше сабақтарда қауіпсіздік туралы білімдермен қамтамасыз ету.
Дене шынықтыру пәні мұғалімінің мақсаты:
Денені шынықтырумен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру үшін спорттық тренажерлердің алатын орны ерекше. Бірақта көпшілік жағдайда тренжерлер барлық оқушыларға қол жетімді болмайды.Сондықтан қолдан шағын тренажерлерді жасап алуға болады. Бұл үшін өте көп нәрсе қажет емес.
Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар арқылы жасауға болады
Шағын –тренажер
“Бөтелкедегі жел”
Жасалу жолы: тесіктері бар пластикалық бөтелке,бөтелкенің ішіне қағаз қиындылары, т.б салынады. Қақпақтағы тесікке түтікше кигізіледі.
Пайдалану жолы:түтік арқылы үрлеп , бөтелке ішінде жел пайда болады да қағаз қиындылары т.б қозғалысқа түседі.
пайдасы: мұрын арқылы дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.
Шағын -тренажер “допты қағып алу” (рис.4).
Дайындау жолы:пластикалық бөтелкенің жоғарғы жағына қақпағы арқылы ұзындығы 40 см жіпке ұшына шағын зат/ киндер –сюрприз қорапшасы/ бекітіледі.
Пайдалану жолдары: Қорпашаны бөтелкенің ішіне түсіру. Жаттығуды күрделендіру жіптің ұзындығына байланысты .