Студенттердін еңбек және демалыс режимі



Дата07.02.2022
өлшемі14,5 Kb.
#92409
Байланысты:
Дене шынықтыру. Умаргалиева Дана (И001). 10 апта


Студенттердін еңбек және демалыс режимі
Еңбек қимыл- әрекеті өндіріс заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы мен дене жаттығуларының сыртқы ұқсастықтарына қарап бір- біріне ауыстыруға болмайды.
Барлық қозғалыс қимыл- әрекет дене жаттығуы заңдылықтарына бағынады, сондай- ақ оқушы организмінде тиімді әсер етеді, ал екінші жағынан, жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.
Тек дене жаттығуы жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді.
Еңбек қимылы адамның жан- жақты жетілуіне әсер етеді. Сондықтан да, мектепті үйрену сабағын дене тәрбиесі сабағымен алмастыруға болмайды. Қамтылған дене жаттығулары тиімді болуы да, мүмкін ол керісінше, әртүрлі дене жаттығулары бірден нәтиже байланыстылығы шығуы мүмкін. Бұл дене жатығуларының өзара үздіксіз дәлелі болып табылады.
Демек шарттарды білу дене жаттығуларының тиімділігін анықтау. Педагогикалық процестерді бағыт- бағдарды көтеруге мүміндік береді.
Шарттардың көп түрлілігі класификацияланып мына төмендегіше болуы да мүмкін. Мұғалім оқушының жеке мінезі ерекшеліктері аса маңызды. Оқыту процесі екі жақты процес- мұғалім оқытады, оқушы оқиды, сондықтан кімнің қалай оқытатынында, дененің дамуында оқыту мен үйренудің сапасына байланысты.
Дене тәрбиесі заңдылығына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттарымен бейнеленеді. Неғұрлым дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагогикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ.
Әдістемелік шарттар дене жаттығулары орындауда кеңейтілген талаптар тобын біріктіреді.
Дене жаттығуларын үйренуде және оны басқа да педагогикалық мәселелерді шешуге қолдана отырып, тиімді мүмкіндіктерді, яғни шешімін табатын мақсатты білу, және үлкен жетістікке жету, екіншіден оның құрлымы, үшіншіден, қайталау тәсілдерін игеру шешуші ол атқарады.
Бұл дене жаттығуын жасуда, құралдарды таңдауда, және педагогикалық мәселелерді шешудегі дене тәрбие әдістерін анықтайды.
Дене жаттығуларының тиімділігі тек аса көп жүктемелерден кейін байқалады. Дене жаттығуларының нәтижесі оны орындау тәсілдеріне де байланысты. Оны орындауда кәсіпқойлықты функциянальды өзгерістерді шешуге белгілі бір уақытты сақтауда талап етеді.Дене тәрбиесінің жүйесі сауықтыру бағытындағы негізгі принциптері гигиеналық шарттар болып табылады. Олардың мақсаты- адам өмірін керекті дене жаттығулар варианттарын жасау. Ал, екінші жағынан сол жаттығулардың тиімділігін, гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табу үшін гигиеналық тәртіпке аса көңіл бөлуі керек.
Қанша жерден педагогикалық процесс жақсы ұйымдастырылғанымен режим бұзылған жағдайда жетістікке жету жағы шамалы ғана болмақ, демек дене жаттығуларының тиімділігі, пайдасы болмайды деген сөз.
Гигиеналық шарттар екі салаға бөлінеді: Дене тәрбиесі процесінде бөлек адам өміріндегі қоғамдық еңбек гигиенасы, демалу, тамақтану нормалары дене жаттығуларының толық дерлік орындалуын қамтамасыз етеді.
Ой еңбегі кезінде қажымау үшін оны ұйымдастырылған дене қимылымен, жаттығулармен алмастырып отыруы қажет. Әрбңір сағат сайын үзілістер кезінде, ой еңбегінің түріне және күрделілігіне сәйкес жаттығулар (гимнастика ) жасаған жөн.
Дене мен ой еңбектерін өзара оңтайлы үйлестіру адамның денсаулығын жақсартады, тұлғалық және психикалық бітісін қалыптастырады, тірліктік әрекетін, иммундық қасиетін жоғарғы деңгейге көтереді, төтенше орасан ахуалдарға икемделу қабілетін арттырады. Сөйтіп организмнің биоэнергетикалық пәрменін, физиологиялық реттеліс тетіктерін, тіршіліктік және әлеуметтік бейімделісін қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет