Перцептивті психиканың төменгі және жоғарғы деңгейі



бет1/6
Дата24.02.2022
өлшемі105,73 Kb.
#133122
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4тапсырма (2)


Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университеті

Тақырыбы:
Перцептивті психиканың төменгі және жоғарғы деңгейі

Пән: Зоопсихология және салыстырмалы психология
Орындаған: Мырзағалиева Қамажай


Перцептивті психика дамуының төменгі деңгейі
Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар-бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады.Мысал ретінде жануарлардың ең көп классы ретіндегі жәндіктерді қарастырамыз.Олар барлық жерлерде –құрлықта,барлық тұщы су суаттарында,сонымен қатар ауада да тіршілік етеді.
Қозғалыстар.Жәндіктердің қозғалысы саналуандылығымен ерекшеленеді.Олар барлық жерлерде тіршілік етеді және осыған тәуелді жәндіктердің локомоциялары үлкен саналуандылғымен ерекшеленеді.Еркек бөгелектің ұшу жылдамдығ сағатына 122км. жетеді,ал кейбір жарғақ қанаттылардың қанат қағуының жиілігі-секундына 1000-ға дейін жетеді.Жәндіктердің бұлшықеттері ерекше жақсы дамыған,специализациялану мен дифференциацияның жоғарғы деңгейінің арқасында,олар өздерінің салмағынан көп ауыр салмақты көтеруге қабілетті болып келеді.
Нервтік жүйе және сезім мүшелері.Жәндіктердің бас миы-күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап-ол үш бөліктен тұрады:1-біршама дамыған алдыңғы бөлік(протоцеребрум).Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты;2-мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтрцеребрум);3-ауыздық аппараты иннерациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум).Қол-аяқты малюскалардың (сегізаяқтар)нервтік жүйесі дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен.Олар жануарлардың барлық түрлерінің ішінде ең ірі көру мүшесі бар организмдер болып табылады,олардың көру мүшесінің диаметрі-40 сантиметрге дейін жетеді.Жәндіктердің өмір сүретін арнайы жағдайлары (ортаның сапалық әртүрлі агенттерінің көптігі мен саналуандылығы) оларды көптеген,өздігінше құрылған сезім мүшелерінің пайда болуына алып келді.Мысалы,көру мүшесінің құрлыс күрделі болп келеді (күрделі көз) және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден (омматидий) тұрады.Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады.Омматидиялар басқа омматидиялардан дақтық салымшлармен шеттетілген және оларға тәуелсіз қызмет етеді.Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын 7-8 көру клеткасынан тұрады. Жеке омматидиялардан келетін көру тітіркендіргіштері біртұтас бейнеге жинақталады,яғни оларда заттық көру бар деген сөз.Олар форма мен түсті оптикалық қаблдауға қабілетті болып келеді.
Жәндіктер ерекше әлемде (микроландшафтлы және микроклимат жерлерде) өмір сүретін болғандықтан,мысалы, қалақай көбелегінде,айқын көру тек жуықтап алғанда 2-3 сантиметр арақашықтықта ғана мүмкін болып табылады.Жәндіктер қозғалмал заттарды немесе өздері қозғалып бара жатқан сәтте тныштықта тұрған заттарды жақс көре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет