Презентация Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері
Орындаған: Үсен Қуаныш
Тобы: 1503-10а
Қабылдаған: Мусабекова Ақерке
Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:
1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;
2) күн сайынғы демелыс;
3) демалыс күндері;
4) мереке күндері;
5) демалыстар;
- Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.
- Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.
Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда ) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).
Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.
- Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
- Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |