Дәріс тақырыбы: «Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану (BilimLand және т б.)» Дәрістің мақсаты


Сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР)



бет2/6
Дата11.05.2020
өлшемі25,31 Kb.
#67296
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану

Сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың СБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат – басты құндылыққа, ал адамның ақпараттық мәдениеті – айқындауыш факторға айналған уақытта білім беру жүйесі мен мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын талаптардың да өзгеретінін атап өткен жөн.

Бүгінгі күнде Қазақстан білім беру саласын жаңғырту қазіргі басты стратегиялық бағыттардың бірі болып отыр. Бұл жаңғырту бағдарламасы бойынша оқыту процесінде білім берудің жаңа үлгісі болып саналатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу қарастырылған. АКТ – оқушының тұлға ретінде қалыптасып, бүгінгі қоғамда өз орнын табуына көмектесетін негізгі құрал.

Сонымен АКТ дегеніміз не? Бұл – ақпаратпен әртүрлі жұмыс істеуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану уақытты үнемдеуге, таным-түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, себебі оқушылар сандық білім беру ресурстарын қолданылған сабаққа белсенді қатысады.

Сандық білім беру ресурстарын жұмыста қолдану бізге не береді:



Бүгінгі күнгі Пайдалы интернет-ресурстар ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет