Дәріс тақырыбы: «Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану (BilimLand және т.б.)»
Дәрістің мақсаты: білім беру үдерісінде сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды ұтымды пайдалану жолдарын үйрету.
Міндеттері:
Білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Пәнді меңгеруде сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды игеру.
Жетекші идея: пән мұғалімдері білім беру үрдісінде сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханалармен еркін жұмыс жасай алуы тиіс.
Мәселе: пән мұғалімдері сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды сабақ барысында еркін қолдануды жетік меңгермеген.
Негізгі ұғымдар: сандық білім беру ресурстары, АКТ, виртуалды зертхана, интернет желісі, BilimLand.
Жоспар:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану.
Пайдалы интернет-ресурстар.
BilimLand әмбебап білім беру платформасы.
Дәріс мазмұны
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі – ЭОЖ) қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр. Қойылған тапсырманы шешу арқылы оқыту сапасы, білім беруді басқару тиімділігі, сыртқы ортамен ақпараттық интеграция артады.
Достарыңызбен бөлісу: |