Модуль Педагогтердің іт- құзыреттіліктерін дамыту Тыңдаушылардың орындайтын өзіндік жұмысы



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі24,67 Kb.
#118307
  1   2
Байланысты:
3 модуль өзіндік жұмыс


Модуль 3. Педагогтердің ІТ- құзыреттіліктерін дамыту


Тыңдаушылардың орындайтын өзіндік жұмысы
(8 сағат)



ТӨОЖ тақырыптары

Сағат саны

3.1

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабағында IT-технологияларды тиімді қолдану жолдары

2
28 қыркүйек

3.2

Сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану (YouTube каналындағы «Өрлеу», Bilimland, Kahoot, Appsleаrning және т.б.).

4

3.3

Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электронды қолтаңба, мақсаты, пайдалану алгоритмі.

2

Сағат саны

8



ТӨОЖ тақырыбы: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабағында IT-технологияларды тиімді қолдану жолдары (2 сағат)
Мақсаты: тыңдаушыларға WEB 2.0 технологиялары туралы түсініктерін дамыту.
Білім беру саласында IT технологиялар екі негізгі міндетті шешу үшін қолданылады: оқыту және білім беру процесін басқару.
Оқытуда IT технологиялар мынадай міндеттерді шешу үшін қолданылады: біріншіден, оқушыларға оқу ақпаратын беру (таныстырылым); екіншіден, олардың білімі мен дағдыларын бақылау.
Білім беру процесін басқару міндеттеріне мыналар кіреді: IT технологияны қолдану дағдысын қамтамасыз ету, IT технология арқылы білім мен дағдыларды алу, сонымен қатар кері байланысты ұйымдастыру, нәтижесінде сабақта әр оқушының оқу мақсаттарының жетістіктерін бағалауда қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта компьютерлік технология ретінде «бүкіләлемдік ғаламтор» немесе Web өнімдері қолданылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясындағы «Web 2.0» термині 2004 жылы енгізілген.
Шын мәнінде, бұл интернеттің келесі жаңа технологиялық мүмкіндіктерін қамтитын « Дүниежүзілік ғаламтордың» жетілдірілген нұсқасы:
- блогтар немесе веб-журналдар;
- «вики» – Интернеттің әрбір пайдаланушысы ақпараттық мазмұнын толықтыра және түзете алатын сайттар;
- әлеуметтік желілер – бұл Интернет қолданушылары өз профильдерін жасай алатын және әлеуметтік желілерде «достар» деп аталатын басқа пайдаланушылармен сөйлесе алатын сайттар. Танымал әлеуметтік желілер – Facebook, Linkedin;
- веб-қосымшалар – пайдаланушыларға бағдарламаларды тікелей веб-шолғышта іске қосуға мүмкіндік беретін платформалық қызметтер.
- Web 2.0 технологиялары бұрын қолжетімді емес пайдаланушымен өзара әрекеттесу деңгейін қамтамасыз етеді, сонымен қатар Web 2.0 мүмкіндіктерінің көпшілігі ақысыз қолжетімді.
Ақпараттық технологиялар адамның қарым-қатынасын алмастырмайтынын түсіну керек, олар белгілі бір мәселелерді шешеді. Сонымен білім алушылар оқу жоспарларын алдын-ала қарап, сабақтың мазмұнымен таныса алады. Осының арқасында мұғаліммен қарым-қатынас әлдеқайда мазмұнды болуы мүмкін.
Тапсырма: Оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізулері үшін АКТ-ны қолданып, оқушылардың белсенді және тұлғааралық дамуын қалыптастыратын оқу әрекетін құрастырыңыз.
Ескеру!!!!
Оқу әрекетіңізде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану тәжірибесі көрінсін.
Қазақ тілі не қазақ әдебиеті пәнінің ҰМЖ бойынша жасалған күнтізбелік тақырыптық жоспарыңыздан бір бөлімдегі бір тақырыпты таңдаңыз.
Сызбаны қолданыңыз:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет