Дәріс Тақырып: Тапсырма әзірлеу кезеңдері. Бағалау критерийлері. Ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар



бет2/6
Дата13.12.2021
өлшемі25,84 Kb.
#100135
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2-дәріс мәтіні

Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі - оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының негізінде бағалау критерийлерін құрастыру

Бағалау критерийлерін анықтау үшін келесі сұрақтардың төңірегінде ойланып көрейік:

Практикада объективті бағалау бар ма?

Бағалаудың шынайылығы неден көрінеді?

Бағалау шынайы болуы үшін қандай талаптарды орындау керек?

Бағалау критерийі деген не?

Бағалау критерийлері қандай болуы керек?

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Бағалау критерийі оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. Сондықтан бағалау критерийлері өлшемді, оқушының оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтайтындай болуы керек. Сонымен қатар бағалау критерийлері орындалатын, яғни оқу мақсаттарына сәйкес анықталған болуы тиіс және оқу мақсаттарының аясынан шықпауы керек. Олар мұғалім мен оқушы үшін нақты, анық және түсінікті болуы тиіс.

Оқу процесіне қатысушылардың барлығы оқушы оқу мақсатына қандай нақты әрекет арқылы жеткенін көрсетуі қажет екендігін түсінуі тиіс, мысалы атау, анықтау, көрсету, шешу.

Оқу мақсатына сәйкес қанша бағалау критерийі болуы тиіс?

Бағалау критерийлерінің санын көбейтпеген жөн. Әдетте, оқу мақсатының маңызды тұстарын бағалау орынды болып табылады. Сондықтан бағалау критерийлерінің санын азайтыңыз, барлығын қамтуға тырыспаңыз. Оқу мақсаттарының деңгейі мен көлемін есепке алыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет