Электрондық микроскоп (ЭМ) 1934 ойлап табылды. ЭМ-та жарық сәулелерінің орнына вакуумда толқын ұзындығы бар-жоғы 0,02-0,05 Å болатын электрондар шоғыры қолданылады. Бұл микроскоптың шешуші қабілетін күрт арттырады және коллоидтық бөлшектерді тікелей көруге немесе оны суретке түсіріп алуға мүмкіндік береді. ЭМ-та мөлшері 10-9м (1 нм) бөлшекті көруге және оның пішінін анықтауға болады.
Нефелометрия
Нефелометрияда ДФ бөлшектерінің мөлшерін немесе концентрациясын анықтауға, ерітіндіде жүретін әртүрлі процестерді, мысалы коагуляцияны зерттеуге болады. Нефелометрия Рэлей теңдеуіне негізделген.
Нефелометрияда салыстырмалы әдіс қолданылады: ДФ-ның бірдей концентрациясында және жарық толқынының бірдей ұзындығында мөлшерлері (Vx) белгісіз бөлшектері бар зерттелетін ерітіндінің опалесценциясы мөлшерлері белгілі бөлшектері бар (Vст) стандартты ерітіндінің опалесценциясымен салыстырылады:
Турбидиметрия
Турбидиметрия-жарық шашырау нәтижесінде коллоидтық ерітінді арқылы өтетін жарықтың әлсіреуін өлшеуге негізделген зерттеу әдісі. Өлшеулерді лайсаңдықты (τ = 2,3D/, мұндағы –оптикалық тығыздық; –қабат қалыңдығы) кәдімгі калориметрлерде немесе спектрофотометрлерде жүргізеді. Жүйедегі жарық шашырауды сипаттау үшін Галлер ұсынған эмпирикалық теңдеулерді:
және (13)
Бақылау сұрақтары:
Жарық шашырауы қалай жүреді?
Опалесценция мен флуоресценцияның айырмашылықтары қандай?
Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады?