1) Барлық коллоидты ертінділер жарықты шашырату қабілетіне ие, яғни опалесценция құбылысына ие. Тиндаль зерттегендей егер коллоидты ерітінді арқылы бір жүйеге жинақталған жарықты түсіретін болсақ және арасына линза қойсақ онда шеткі бүйірінен анық конусты байқаймыз (Фарадей Тиндаль конусы).
Опалесценция коллоидты ерітінділердегі бөлшектердің біртекті еместегін дәлелдейді.
2) КЕ бөлшектердің диффузиясы баяу жүреді.
3) КЕ осмостық қысымы өте аз.
4) КЕ диализ құбылысы тән, яғни диализ барысында төмен молекулалы ерітіндінің молекулалары мембрана арқылы өтсе, коллоидты бөлшектер мембаранадан өте алмай өте таза КЕ береді. Д.И. Менделеевтың айтуы бойынша кез келген коллоидты ерітіндіні тұрақтандырғыш тәрізді қоспа арқылы алу мүмкін емес.
5) КЕ агрегативті тұрақты емес, яғни коллоидты ерітілген заттар қосымша сыртқы факторлардың (қыздыру, суыту, қарқынды араластыру, ең бастысы электролит енгізу) әсерінен ерітіндіден оңай тұнбаға түседі.Нәтижесінде КЕ тұнба түзіледі.
6) КЕ 1808 жылы Ф.Ф. Рейсс ашқан электрофорез құбылысы тән. Ол электр тоғының әсерінен электродтарға бөлшектердің көшуі, яғни КБ электр өрісі тән.