Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Педагогика ғылымының атқаратын қызметі



бет10/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Педагогика ғылымының атқаратын қызметі
1.Танымдық
2.Ғылыми білім беру
3.Диагностикалық-болжаушылық
4.Қолданбалы-өзгертушілік
Ал кейбір ғалымдар қызметін былайша топтайды:
1. сипаттау
2.түсіндіру
3. құбылыстарды алдын ала болжай білу.
Педагогиканы тек теориялық ғылым немесе тек қолданбалы ғылым деп қарастыруға болмайды. Ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды сипаттайды және түсіндіреді, екінші жағынан қалай оқыту және тәрбиелеу керек, соған нұсқау береді
Ұғымдары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) олардың байланысы. Педагогика ғылымының пәнаралық түсініктерді өзара байланысын қолдану. (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптастыру).
Тәрбие – жалпы тарихи категория ретінде оқыту мен білім беруді де қоса қарастырады. Қазіргі заман ғылымында (тәрбиені) тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа берудегі қоғамдық құбылыс деп есептейміз Өйткені тәрбиеші-оқытушы:
1.адамзатпен жинақталған тәжірибені береді;
2.мәдениет әлеміне ендіреді;
3.өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандырады;
4.өмірдің қиын жағдайаттарында күрделі жағдайлардан шығудың жолдарын табуға көмектеседі.
Өз кезегінде тәрбиеленуші студент:
1.Адамзаттық қарым-қатынастардың және мәдениеттің негіздері мен тәжірибесін меңгереді;
2.Өзіне-өзі қызмет етеді;
3.Мінез-құлық үлгілерін және қарым-қатынас тәсілдерін үйренеді. Екінші категория оқыту – бұл оқушы мен оқытушының өзара әрекеттестігі нәтижесінде оқушының дамуы қамтамасыз етілетін үдеріс Осыған орай оқытушы:
1.Мақсатты бағдарланған білім береді, өмірлік тәжірибені, іс-әрекет тәсілдерін, амалдарын, ғылыми білім және мәдениет негіздеріне оқытады; 2.Іскерліктерді және дағдыларды, білімдерді меңгеру үдерісіне жетекшілік етеді;
3.Студент тұлғасын дамыту, есте сақтау, көңіл бөлу, ойлану, қортындылау үшін жағдай жасайды.
Өз кезегінде студент:
1.Оқиды – курстастарымен бірге немесе өздігінен мұғалімнің көмегімен оқу тапсырмасын орындайды және берілген ақпараттарды меңгереді; 2.Өздігінен байқауға, салыстыруға, ойлауға, қорытындылауға талпынады; 3.Қосымша ақпарат көздерін, жаңа білімдерді іздестіруге ынтасын білдіреді (анықтама, оқулық, интернет), өздігінен білімін жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет