Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Ғылымда методологияның өз иерархиясы бар



бет21/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Ғылымда методологияның өз иерархиясы бар. Жалпы ғылыми методология (материалистік диалектика, таным теориясы, логика), жеке ғылыми методология (педагогика методологиясы, жаратылыстану методологиясы, математика методологиясы), пәндік-тақырыптық методология (дидактика методологиясы, білім беру методологиясы, т.б.).
Қазіргі кезеңде педагогикада ғылыми қызмет пен білім саласындағы жаңашыл үрдістердің өркен жаюы, методологиялық білімді кіріктіре пайдалануды талап етеді. Ғылым және практика арасындағы байланыстың нығаюы, ғылымның қолданатын инструментарилерін практикаға енгізуге, ал практика ғылыми теориялардың өміршеңдігін тексеруге бейімделіп, жаңа технологияларды қолдануға бағыт алып отыр.
Философиялық заңдар мен заңдылықтар. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, оларда болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталанып тұратын және біршама тиянақты байланысы.Диалектиканың түпкі мақсаты - қозғалыс, өзгеріс.
Диалектика дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп қояды. Ол табиғат құбылыстарын да, қоғамдық құбылыстарды да, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Өзгерістердің күрделі формасы – даму. Заттар мен құбылыстар даму процесінде сапа жағынан мүлде түбегейлі өзгерістерге түсіп, олар бір сатыдан екінші сатыға өтеді.
Даму процесінде заттар мен құбылыстар қандай өзгеріске ұшырайды, бұл өзгерістердің өзара байланысы қандай, даму процесін, заттардың арасындағы әр түрлі байланысты адам өз санасында қалай бейнелейтінін түсіндіретін - диалектикалық әдіс.
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне, терістеуді терістеу. Диалектиканың ұғымдары (категориялары): кеңістік пен уақыт; жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен форма; мән мен құбылыс,
қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен шындық зерттеушілік ойды дамытып, таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір әдістер жүйесін таңдап алуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет