Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы



бет20/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы. Педагогикалық зерттеудің мәні. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері. Ғылыми-педагогикалық зерттеу логикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамалары.
Қазіргі педагогиканың ғылыми-әдіснамалық жағдайы. Методология ”грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойының даму заңдарын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын ашып көрсеткенде ғана ғылым бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнеленуі болып табылады. Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыс пен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде көрсете отырып, табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылыми деректермен толық сәйкестікте болатынын көрсетеді.
Методология”(әдіснама) ұғымының бірнеше деңгейі бар. Методологияның (әдіснама) қарапайым анықтамасы – танымның ғылыми әдісі. Методолгия - кез келген ғылымда қолданылатын әдістер жүйесі. Методологияның екі қыры бар, бірі – практикалық қызметі, екіншісі – ғылыми. Біріншіден, методологияның практикалық қызметі дегеніміз – құрылымын,
логикалық ұйымдастырылуын, қызметтің әдісі мен құралын анықтау. Методологияның ғылыми қыры - танымның құрылу принципі, формасы мен әдісі ретінде қарастырылатын ілім.
Педагогика ғылымының теориялық дамуына лайықты, методология - таным принциптері, әдістері, формалары мен процедуралары және педагогикалық шындықты өзгерту ілімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамада екі инструментарилер тобы қамтылады. Біріншісі – педагогикалық шындықты тану құралдарының кешенін қамтып, зерттеу еңбегіне қажетті жағдайлар кешенін, құралдарын, орындау реті мен бағыттарын анықтайды. Екіншісі - педагогикалық шындықты өзгертуге қажетті принциптер, әдістер, құралдар, орындалу реті мен бағытын анықтайтын технологияларды қамтиды. Зерттеуші-педагогтың тиімді нәтижеге қол жеткізуі үшін, ол педагогика методологиясындағы ғылыми инструментарилермен қарулануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет