3.2 Практикалық сабақ құрылымының үлгісі
I. Мотивация (немесе Қызығушылықты ояту) кезеңі
Сабақ басында оқытушы студенттерге теориялық тұжырымды (идея,
проблема, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кесте, жоспар, параметрлер,
ақпарат, статистикалық мәліметтер, көрсеткіштер, т.б.) еске түсіруді ұсынады,
сол мәселе бойынша
ӨЗ
ойлары мен пікірлерін анықтау мақсатында оларға
төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:
- Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы мәселені қалайша түсінемін? Ол
бойынша ұстанымдарым қандай?» дегсн сынды сұрақтар төңірегінде берілген
уақыт ішінде (1-2 минут) жекелей ойланады.
- Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер өз ойларымен бөліседі,
оларды талқылайды, өз ойларын толықтырады (4-6 минут).
- Жариялау және қорытындылау. Әрбір топтан бір студент (шешен,
спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады, Олардың жауаптары
тақтаға(плакатқа) жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |