ақ, ақпараттық технологиялар негізінде ғаламшардың көне өркениеті Қытайдың
жетістіктері мен тілін үйренуге жол ашады.
Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуцзы институтында жеке
кітапханасы мен жеке киноклубы жұмыс істейді.
Кітапхана қоры Пекин қаласындағы Конфуцзы институтының бас кеңсесі
ұсынған оқу материалдарымен жабдықталған. Мұның барлығы ҚХР-да басып
шығарылған қытай тілі мен мәдениеті жайлы жаңа оқу құралдары. Оқу
құралдарының жалпы саны 4 500 томнан аса кітап қорын құрайды.
Конфуцзы институтының киноклубына келер болсақ, тыңдармандардың
ауыз екі сөйлеу тілін тез меңгеруде қытай тіліндегі фильмдер ұсынылады. Клуб
мүшелері тек фильмдерді тамашалап қана қоймай, нақты кинотаспалар
бойынша өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салады. Демек, бұл тәсіл қытай
мәдениетімен етене танысуға және қытай тілін жетік меңгеруге зор мүмкіндік
бермек.
Достарыңызбен бөлісу: