Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет174/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

дамыту беталысын (тенденция) былайша қарастыруға болады: 
-  Білім - үдеудің (прогресстің) басты факторы болуы керек
-  ол үшін жаңаша оқыту керек. 
Осыған орай білім саласындағы дағдарыстар мыналардан көрінеді: 
-  білім  мен  қоғамның  оған  қоятын  талаптары  арасындағы  кайшылықтар, 
айталық  қойылған  талаптарды  жүзеге  асыруға  қажетті  материалдық 
жағдайдың жеткіліксіздігі; 
-  қоғамның  дамуына  білім  саласының  жауап  бере  алмауы  арасындағы 
қарама-қайшылықтар,  мысалы,  ғылыми-техникалық  жаңалықтардан 
берілетін білім мазмұнын кейін қалып отыратыны
Бұларды  жою  үшін  Отандық  тәжірибемен  қоса  шетелдердің  осы  саладағы 
тарихи  тәжрибелерін  танып  -  білу  қажет.  Олардағы  білімге  қатысты  озық 
тәжрибелерін,  отандық  ерекшеліктерді  ескере  отырып  пайдалану  және  тәрбие 
сапасында  ұлттық  ойларды  негізге  алу  қажет  екендігін  осыған  орай  туындап 
отырған заманауи мәселелер байқатты. 
Ежелден 
шығыс 
елдерінде 
білім 
жәнеғылым 
адамдарына 
кұрмет 
көрсету,  білім  алушыларды  білім  арқылы  ізгілендіру  және  ол  қоғамды 
ізгілендіру пікірімен жалғасады. Бұл, ұлттық білім және тәрбие тарихы бар ел 
ретінде  орын  алады.  Ал  батыс  елдерінде,  еуропада  білім  көбінесе 
материаллық  байлық  пен  үстемдік  пікіріне  келіп  тіреледі.  Бұл  қазіргі  кезде 
қару-жарақ  арқылы  жаулап  алу  емес,  білім  арқылы  әлемді  «аузына  қарату» 
идеясымен жалғасуда. 
Білім,  әсіресе  жоғары  білім  экономикалық  және  әлеуметтік  дамудың 
басты  факторы.  Өткен  ғасырдың  60-жылдарында  алдыңғы  қатарлы  дамыған 
елдердегі  ғылыми-техникалық  үдеудің  (прогресс)  қоғамның  және  жеке 
адамның  проблемаларын  шеше  алмайтыны  белгілі  болды.  Олардағы 
алдыңғы  қатарлы  пікірдегілер,  демек,  білім  беруді  дамыту  арқылы  оған  жол 
ашуға болады деген тұжырымға келген. Сол себепті білім мекемелеріне оқыту 
мазмұнын және әдістерін жаңғырту талабы қойылды. 
Осыған  орай  көптеген  дамыған  және  дамушы  елдер,  білім  саласына 
қаржыны  аямай  жұмсау  керек  деп  ұйғарды.  Қазіргі  дамыған  қоғам  білім  беру 
жүйесін  жаңғыртуды  талап  етеді.  Оны  «жаңаша  оқыту»  деп  қарастырып, 


 
 
оқушылардың болашақты жобалауы, оған жауапкершілік сезімінде болу, өзіне 
сенімін арттыру, кәсіптік қабілетін дамыту, сол арқылы келешегін қамтамасыз 
ету қажет деп белгіленді. 
Кейінгі  кездерде  осы  мәселені  шешуге  арналған  қадамдар  жасалуда.  Мысалы,  
жаңа 
технологиялар 
ендіру; 
білім  мазмұнынын 
жаңғырту; 
оқыту 
жүйесін  қайта  қарау;  тәрбиенің  бүгінгі  мәселелерін  шешу  жолдарын  іздестіру 
т.б. 
Осы күндері кай салада болмасын Американы үлгі тұтатын әдет пайда болды. 
Білім 
саласы 
солардың 
бірі. 
Өйткені 
білім 
саласындағы 
реформаларды  солар  алдымен  бастайды.  Қазақстан  қостайды  деуге  болады. 
         Осыған  орай  АҚШ-та  педагогикалық  білім  қоғамының  дамуы, 
экономиканың 
өркендеу 
талаптарына 
сәйкес 
келуі, 
ол 
төмендегіше  сипатта  болды.    Америкадағы  білім  беру  саласы  төрт  кезеңді 
бастан кешті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет