Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Адам  дамуы  –  бұл  өте  кұрделі,  ұзақ  мерзімді  және  қарама-



Pdf көрінісі
бет44/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Адам  дамуы  –  бұл  өте  кұрделі,  ұзақ  мерзімді  және  қарама-
қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына 
ұласады. Ал адамның тән-дене болмысы мен рухани дүниесі, әсіресе, балалық 
және  жас  өспірімдік  шақта  қарқынды  ауысуларға  бөленеді.  Адамның  дамуы 
сандық  өзгерістердің  қарапайым  жиынтығы  немесе  төменнен  жоғарыға 
бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес, бұл процестің өзіне тән ерекшелігі  – 
сндық  өзгерістердің  тұлғаның  физикалық,  психикалық  және  рухани  сапалық 
қасиеттеріне  диалектикалық  түрде  өтіп,  жаңалануы.  Бұл  құбылыстарды 
түсіндіруде  әртүрлі  көзқарастар  қалыптасқан.  Мамандардың  бір  бөлігі 
адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму 
өмір шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты, 
адамның  дамуын  ешкім,  еш  уақытта  өзгертуі  мүмкін  емес,  тағдыр  белгілейді. 
Ал  басқа  бір  зерттеушілер  тобының  пайымдауынша  даму  –  бұл  әуел  бастан 
қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап 
барады. Өмірге енжар икемдеуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін 
өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыратылады 
Дамуды  қозғаушы  күш  -  қарама-қайшылықтар  тайталасы.  Қарама 
қайшылықтардың арасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғырулар дүниеге 
келеді.  Қарама-қайшылықтар  –  бұл  өзара  екі  полярлы  күштердің  бір-біріне 
сиымсыздығынан  туындайтын  диалектикалық  процесс.  Адам  қайшылықтарды 
іздеп  немесе  ойдан  шығарып,  бөлектенуінің  қажеті  жоқ,  олар  қадам  сайын 


 
 
өмірлік  қажеттіліктердің  өзгерту  салдарынан  пайда  болып  отырады. 
Табиғатынан  адамның  өзі  де  қарама-қайшылықты  дүние  болмысы.  Қарама-
қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі және сыртқы, 
жалпы  (әмбебап),  сонымен  бірге  қарапайым  материалдық  және  ең  жоғары 
рухани  қажеттерінің  және  оларды  қанағаттандыру  мүмкіндіктері  арасындағы 
қарама-қайшылықтар  әмбебап  сипатқа  ие.  Ішкі  қарама-қайшылықтар  әр 
адамның  өз  болмысына  қанағаттанбауынан  туындайды.  Олар  жеке-дара 
ниеттерде көрінеді. 
Негізгі  ішкі  қайшылықтардың  бірі  –  жаңадан  пайда  болған  қажеттер  мен 
оларды  іске  асыру  мүмкіндіктерінің  арасындағы  алшақтықтар.  Мысалы, 
оқушылардың өз псикасы  мен  интеллект,  әлеуметтік  деңгейінің жетімсіздігіне 
қарамай,  мүмкіндіктері  толысқан  ересектермен бірге іс  алып баруға  ұмтылуы. 
«Қалаймын  –  «қолымнан  келмейді»,  «білемін»,  «білмеймін»,  «мүмкін», 
«болмайды», «бар», «жоқ» - мәңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы 
ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып,  ғалымдар даму және оның нәтижелері 
–  бір  жағынан  және  оларға  ықпал  жасаушы  себептер  –  екінші  жағынан, 
арасындағы заңдылықты байланыстарды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет