Пікірталас лекциясы Лекцияның бұл түрінде күрделі немесе жан-жақты қарастырылмаған, әрі сан
алуан шешімдері бар, студенттер тарапынан көптеген сұрақтар туғыздыратын
өзекті теориялық және практикалық проблемалар талқыланады. Пікірталас
лекциясында оқу материалы жан-жақты талқыланып, түрлі позициялар
тұрғысынан қарастырылады және бағаланады.
Мұндай пікірталасқа студенттердің барлығы дерлік араласады. Пікірталас
лекциясында студенттер түрлі көзқарастар мен позицияларды салыстыру және
талдау, оларды таңдау мен баға беру дағдыларын қалыптастырады. Олар
ғылыми дискуссия жүргізу әдістемесімен танысып, өз ұстанымдарын қорғау
және де қарсы жақтың пікірін сынау мақсатында дәлелдер келтіруді әрі оларды
қолдануды үйренеді.
Лекцияда оқытушы күрделі әрі екіұшты мәселелер бойынша
студенттердің пікірлері мен оларды айғақтайтын дәлелдерді келтіруді сұрайды.
Бұл жерде оқытушы бір студенттің жауабын тыңдағаннан кейін аудиторияға
«Бұл ұстанымға қарсы келіспейтін пікірлеріңіз бар ма?» деген сұрақ қойып,
қарама-қарсы позицияларды анықтап алуы керек, өйткені бұлай жасамаған
жағдайда пікірталастың әрі қарай болуы екіталай.
Студенттер орындарынан қысқа түрде өз көзқарастарын жақтайтын
пікірлер келтіреді, қарсы жаққа сұрақтар қояды. Лекция мазмұны осы
дәлелдерді өрбіту. дамыту. тереңдету бағытында өрбиді. Қысқа (2-3 минуттық)
дискуссияның өзі оқу процесін жандандыра түседі, студенттердің белсенділігін
арттырып. Олардың сабақ тақырыбын терең игеруіне мол септігін тигізеді.
Әрине, оқытушы бұл жерде студенттердің сұрақтарын лекция мақсатына сәйкес
бағыттап отыруы керек, өйтпегенде пікірталастың жүйесіз, ретсіз сипатталуы
да мүмкін.
Пікірталас лекциясына дайындық барысында оқытушы келесі
мәселелерге жіті назар аударуы керек:
- пікірталас тудыратын негізгі мәселелер мен проблемаларды анықтау;
- пікірталас туғызатын сұрақтарды алдын-ала дайындау;
- студенттердің ой-толғанысын тудыратын проблемаларды анықтау;
- пікірталасты жандандыратын мысалдар мен дәлелдерді дайындау.
Пікірталас лекциясының соңында оқытушы негізгі позициялардың
артықшылықтары мен жіңішке жерлеріне қысқаша тоқталып, пікірталасқа
қорытынды жасайды. Әрине, мұнда мәселе «Кім жеңді?» сұрағы төңірсгінде
емес, тек «Өз позицияңызды, ұстанымыңызды айқындай алдыңыз ба?»
жайында болуы керек.