Рөлдік ойындарды жүргізу алдында оқытушының әдістемелік
тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді
алдын-ала мұқият талдап алуы керек:
- ойынды өткізудің әдістемесі (ойын шарттары мен ережелері,
мақсаттары, кезеңдері, қатысушылары, т.б.);
- ойынның мүмкін нәтижелерін болжау;
- ойынның нәтижелерін қорытындылау.
Рөлдік ойынның бірінші түрі студенттердің қандай да бір берілген
тапсырмаларды орындау барысында топ ішінде рөлдерге бөлініп, сол рөлдердің
ерекшеліктеріне сәйкес әрекеттер атқаруды меңзейді.
Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолдануға болады:
Автор - өз көзқарасы мен пікірін келтіруші, ұсынушы.
Түрлендіруші – автордың ұсынысын толық қабылдамай, өз түсінігін
құрастыратын, содан туындалған ойларымен басқалармен бөліседі.
Сыншы (немесе Пессимист) – талқылау барысында қабылданған
шешімдерге күмән келтіріп, өзгеше ұсыныс жасап, басқа шешімдер мен
көзқарастар келтіреді.
Ұйымдастырушы (немесе капитан) – жасалған жмыстың барлығын да
үйлестіріп, қатысушылардың жеке пікірлерін жинақтауға, біріктіруге ұмтылып,
оларды автордың дамытуға бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |