Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет13/30
Дата09.10.2024
өлшемі146,5 Kb.
#206021
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Таным саласында кездесетiн елестер туралы Ф.Бэконның идеясы.

  2. Б.Спинозаіліміндегі субстанция және оның ерекшелiгi.

  3. Дж.Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойлары.

  4. В.Лейбництiң “алдын-ала берiлген сәйкестiк² идеясы.

  5. Р.Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңызы.

1

№ 7
дәріс

Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Адам
Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян). Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель). Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам». ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.
Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.
Философия тарихындағы адам мәселесі, оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының, антропосоциогенез процессі, табиғаттың қайталанбас туындысы - адам мәселесін шешуде, әртүрлі тәсілдердің бар екенін көрсетеді.
Ежелгі Қытай, үнді, сонон соң антикалық философияда адам бір жағынан табиғаттың, космостың органикалық бөлігі ретінде, екінші жағынан -"объективтік өлшемі " (Протогор) десе, Сократ адам жанына, адамгершілік сапасына, дүние заттары мен идеядан айырмашылығына көп көңіл аударды. Демокрит, Эпикур және Лукреций адамның таза табиғи болмыстығын нығайтады. Ал, Платон болса, адам табиғаттың объективтік мәңгілік идеяларымен анықтайды. Аристотель осы дуализмді шешуге ұмтылып адамды "әлеуметтік жануар" деп жар салды. Ортағасырда жанды мәңгілік деген діни идея арқылы адам тұлғасының өзіндік мәні және адамзаттың рухани тұтастығы жоққа шығарылды. Қайта өрлеу заманында адам табиғаттың ұлы туындысы екеніне сендірді. Жаңа заманда адамның екі жақты табиғаты - рухани мәнінің негізгі және материалдық қасиетке ие екенін мойындады. Мұндай идеяларды Декарттың, Спинозаның, Гоббстың ілімдерінен де табамыз. XIX ғ. Француз материалистері және т.б. адамның табиғи - жаратылысына акцент жасай отырып, оны субъект ретінде табиғат заңдарына толық бағындырады. XIX ғ. Немістің классикалық философиясының позициясында адам абстрактілік - логикалы рухани мәнге айналды. (Кант, адамды диалектикальіқ тұрғыдан ұғынды, ал Гегельде ол логикалық - рационалдық ұғым). Л.Фейербах өзінің философиясында рух пен дене арасындағы үзілісті жояды, бірақ адамның қоғамдық сипатын оның шешуші және ең басты мәні екенің түсінбеді. Адам мәселесі персонализм және экзистенцализм ағымдарында да қаралды. Онда жаңа тұрғыдан адам еркі және оның өмірдегі таңдауы мәселесі қойылды, және ол аса жемісті шешілді. Маркизм теориясында адам әрқашан нақты, тарихи анықталған әлеуметтік тұтастыққа-тапқа, ұлтқа және т.б. жатады. Адам бүкіл қоғамдық қатынастың жиынтығы деген пайымдау, оның биологиялық жан, табиғаттың ең жоғарғы жемісі екенін жоққа шығармайды. Адам табиғаттан тыс ғажайып күштің сынығы немесе туындысы емес, материалдық, заттық дүниенің бөлігі, әр мезетте денелік те , рухани да жан.
2.Адамның үш түрлі өлшемі бар:
1 .биологиялық
2.психологилық
3.әлеуметтік
1.Билогиялық өлшем адам организмі, яғни түр бейнесі, құрылымын(морфология), оның орындайтын қызметін, генетикалық негізін, ми, жоғарғынерв жүйесін қамтиды.
2.Психологиялық - адам ішкі жан дүниесі, онда жүріп жатқан саналы жәнесанадан тыс құбылыстар мен процестер, адам еркі, сипаты мен темпераментікіреді.
3.Әлеуметтік өлшем - бұл адамның ашушаңдығы, ақырын сөйлейтіндігісекілді ерекшелігі емес, ол адамның іскерлігі, не ұры болса,не ұлтшыл неинтернационалист болса, парақор не еңбек озаты болса, біз одан осы қоғамдағы орны мен қызметінің, адамшылдық қалпынын қандай екенің аңғарамыз, яғни әлеуметтік өлшемінің сипатын білеміз.
Адамның ақыл - ойы мен сезімі - өте күрделі биологиялық-психологиялық -әлеуметтік құбылыс. Оның материалдық биология тұрғысынан зерттеуге болады, бірақ мұнымен оны пайда болу жолын әлеуметтік және психологиялық өлшемдер түсіну мүмкін емес.
Эндогамия: 1) Адамзаттың денсаулығына зиян келтірді.
2.Тұқымның өсіп дамуына зиян келтірді.
3.Түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың болашағына зиян келтірді.
"Адам" ұғымы барлық адам тегіне тән қасиеттің жалпы белгісін бейнелейді. Адам-қоғамдық қатынастың жемісі мен субьектісі. "Жеке адам" (Индивид) ұғымы (адамзат тегінің бірі) осының біріншісіне назар аударды. "Даралық" (Индивидуальность) ұғымы әр адамның айырықша қайталанбас, өзіндік ерекшелігін, басқаларға ұқсамайтындығын білдіреді: "Кісі-тұлға" ұғымдары (жеке адамның белгілі бір қауым мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәнді, тұрақты сипаты) бірінші кезекте нақты адамның қоғамдық өмірдегі белсенді субьектілігін анықтайды. Жеке адам кәмелетке жеткен шақта кісі немесе тұлға болып қалыптасады. Мысалы, бала-адам, жеке адам, бірақ ол әлі кісі-тұлға емес. Бұл қасиеттер соңынан қалыптасады. Даралық және кісілік ұғымдарының мағыналық жақындығы (кісі әрқашан дара, дара адам-кісі) бұл ұғымдарды бір мәнде, бірін-бірі алмастыратын сөздер ретінде қолдана беруге әкеледі. Сонымен қатар, бұл ұғымдардан "адамның әлеуметтік мәнді сипаты" деген әртүрлігін байқауға болады. Бұл сұрақтар егжей-тегжейлі семинар сабағында қаралады.
Өмірдің мәнін қарастырғанда, адамның дүниедегі орны түсінігі тереңдетіледі. Өмірдің мән-мағынасы адамның дүниедегі адамға қатынасы оларды танудағы процесті барынша қиындатады, ерекше жаттығуды талап етеді және әлеумет әдістер жолдарын жиынтығын ашу үшін принциптер керек қылады. Гносеологияның бір талабы-тану процесіне диалектикалық тұрғыдан келу, оның білімсіздіктен толық емес білімге өтуіне, одан ары одан да толық және анық білімге жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет