Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет9/30
Дата09.10.2024
өлшемі146,5 Kb.
#206021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Ортағасырлық мәдениет дамуындағы діннің рөлі.

  2. Христиандық философия адам туралы.

  3. Фома Аквинский іліміндегі сенім мен ақыл арақатынасы.

  4. Ортағасырлық схоластиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктері.

  5. Номинализм мен рационализм бағыттарының ортағасырлық философияны айқындаудағы маңызы.

  6. Ортағасырлық шығыс мұсылман философиясы және онын мәдени-әлеуметтік маңызы.

  7. Әл-Фараби философиясы және шығыстық перипатетизм.

  8. Ибн-Сина философиясындағы құдай эманациясы теориясы.

  9. Ислам философиясы адам өмірінің мәні туралы.

  10. Ислам мәдениетінің қазіргі өркениет тарихындағы орны мен рөлі.

1

№5
дәріс

Таным және шығармашылық
Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы. К.Ясперстің «Мен -адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субъектсіз» эпистемологиясы.
Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.
Қайта Өркендеу дәуірі (Renessance-фр. ) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өтудәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз.
Қайта Өркендеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты.
Қайта өркендеу дәуіріндегі шіркеу догматтарынан құтылып гуманистік кезеңнің тууымен тікелей байланысты. Адам өзін өзі және өзінің табиғаттағы орнын анықтаушыға айналды. Жеке адамның құндылығы, оның қайталанбас ерекшілігі бағалана басталды. Қоғамдық қатынастардың жаңа өлшемі - гуманистік, адамгершілік өлшемдері берілді. Натурфилософияға қызығу өсіп, ол жаңа негізде жаңғырды. Натурфилософияның бастамасын Беркардино Телезио жасады, ол табиғатты өз-өзінен түсіндіруге тырысты, құдай табиғатпен теңестіріліп пантеистік сипат берілді.
Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, -тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Қайта Өркендеу дәуіріндегі негізгі жаңалық - ол – адамның рухы мен жан-дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүниесезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау болды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы - ол Лоренцо Валла (1407-1457) болды. “Ләззәт алу жөнінде² деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады,- деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы - “өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару² сезімдік іс-әрекетсіз болмайды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек.
Жастай өмірден кеткен талантты ойшылПико делла Мирандолланың (1463-1494ж.) еңбектерінде Қайта Өркендеу Заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі.
Бруноның философиясы қайта өрлеу кезеңіндегі, барлық философия секілді ортағасырлық схолостикалық жүйеден Жаңа замандағы материалистік және диалектикалық философиялық концепцияға өту толы болды. Осы өтпелі кезеңнің сипаты Дж.Бруно философиясының қайшылықтары мен кемшіліктерінің себебін анықтады.
Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 1465) салды. Ол әлем мен құдайдың қатынасын шешуде диалектик ретінде көрінеді. Жалғыз - әлемнің бәрі, шексіздік пен бірлік тең, космостың ортасы мен шетінің шегі жоқ деп санады.
Николло Макиавелли (1469-1527ж.ж.) Негізгі еңбектері: “Патша², “Флоренция тарихы², “Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде² т.с.с..
Адам мәселесін Н. Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Н. Макивеллидің көрегендігі – саясаттыңдербесқұбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси технология) жасау болды.
Христиандықты орта ғасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту мәселесімен айналысқан неміс теологы Мартин Лютер ( 1483-1546 ж.ж.) болды. М. Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету - ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564ж.ж.) “Христиандық Сенімге тәлім² деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы² дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын-ала болжауына тәуелді екенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет