Қоғам құндылығы Құндылық



Дата20.11.2023
өлшемі8,79 Kb.
#192478
Байланысты:
Тажихан Фатима. Эссе


Орындаған: Тажихан Фатима


Қоғам құндылығы


Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.
Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, ғаламтор жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда ғаламторға 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та жатқаны рас. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің рухани тазалығы болса, бірі – сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Бұл – сонау ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Абай Құнанбайұлының: 
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз» - деп жазып кеткен өсиет өлеңі арқылы шыққан тұжырым. Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық - этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-философиялық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десе – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан - алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын.
Бүгінгі заманның басты құндылығы рухани адамгершілік құндылықта. Адам баласының бойында бес негізгі құндылық. Барлық нәрсенің себепшісі де бастаушысы да адам . Сол себепті ең бірінші қоғамды жөндеу емес адамды дұрыстау қажет. Ш.Амоношвили ұстаз былай деп айтқан: "Бүкіл дағдарыстың себебі адам бойында рухани қажеттіліктердің жетіспеушілігінен" - деп.
Тәрбиесі мол, бойында ұяты бар әдепке ие жан еш уақытты қолайсыз жайттың орын алуына жол бермеуге тырысып бағады. Себебі ол тек өз басын ғана емес, қарсы тараптың да жағдайын ойлап тұрады. Ондай жан басқа адамды ұнатпаса да оған деген жағымсыз сезімін, сондай-ақ, жақсы көрген адамына да өзінің сүйіспеншілігін сездірмейді. Ол әрдайым тартынып, өзін-өзі ұстап жүреді. Мұндай қасиетке ие болып әдептілердің қатарына қосылу үшін, ең алдымен, өзіңді басқа жанның орнына қойып, соның жағдайына кіре білу керек. Сонда ғана сен қарсы тараптың айтқысы келгенін түсініп, ортақ шешімге келуге талпынасың. Адам бойындағы мұндай қасиет басқалармен болатын түсініспеушіліктің алдын алу үшін аса қажет. Сондай-ақ, өткен тарихтың шынайы рухани құндылықтарды сақтай білген, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра қылып қалдырған халықтың – өркениетті ел ретінде жарқын болашағы бар.
Қорыта келгенде, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатырған тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдениеттің болғанын бабалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдердей-ақ көруге болады. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық. Қазақтың иман мен имандылық сөздерінің астарында қандай мағына жатқанын білсеңіз. Имандылық бар жерде – тәртіп те, бейбітшілік те, адами құндылықтардың барлық көріністері адамның бойынан табылатыны сөзсіз.
Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта, тірілте аламыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет