Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет36/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

Зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі. Зейін екі әр түрлі қызметтердің арасында бір уақытта жіктеле алады ма? Адам бір жұмысты орындап, дәл сол уақытта басқа бъектілерді немесе жұмысқа қатыссыз сұрақтарды қадағалай алады ма?
Зейіннің бөлінуіне көз жеткізуге болады. Өмір әр жерде зейіннің бөлінуін талап етеді. Зейінді үйлестірмей дәрісті конспектілеуге болмайды. Лектор өзінің баяндауын менің қалауымша тоқтатпайды. Ол әрі қарай жалғастырады. Мен, өз жағымнан, бір ойды жазып үлгіріп, басқа мазмұндамасын тыңдауым керек. Жазу әрдайым оқытушының сөзінен артта қалады, жазып отырғанның зеіні оның жазғаны мен осы уақытта айтылғанының арасында бөлінуі керек.
Бақылаулар көрсеткендей, зейіннің жіктелуі әр алуан адамдарда әр түрлі. Кейбіреулер екі істі бірден оңай істесе, басқаларға ол қиынға соғады, бір іске беріліп басқаға көңіл бөле алмайды. Белгілі дәрежеде ол жеке адамның ерекшеліктеріне байланысты: кейбір адамның зейіні жайылған, басқаларда - шоғырланған,басқа сөзбен айтқанда, бір бағытта толық шоғырлануға бейімделген. Айтылған сөз өмір процессіндегі дағдылы мәселелер туралы болғандықтан зейіннің бөлінуі өіскерлік пен дағдының ісі.
Лектор, баяндамашы, сөйлеушінің зейіні оның айтып тұрған ойынының мазмұнында шоғырлануы тиіс. Дайындаған мәтінін қолданбау мүмкін емес. Бірақ жақсы лектор зейінінің белгілі еншісін басқа заттарға да бөлу керек. Ол тыңдаушылардың түсіну – түсінбеушілігін, қызығушылығы мен зерігудің барлық белгілерін сезу керек. Тек баяндамасының мазмұны туралы ғана ойлайтын және тыңдаушыларға зейін салмайтын лектор ешқашан белгілі бір аудиторияда қызығушылық пен құштарлық тудырмайды. Кейде ол сағатына қарап қойып уақытын қалған оқылмаған материалдың көлемімен салыстыру керек; онсыз ол ешқашан үлгірмейді. Осы объектілердің бәрі тәжірибелі лектордың санасының ортасына жақын орналасады. Оларды ойынан шығармайды, сонымен бірге өз сөзінен алаңдамайды.
Зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны. Зейін көлемін зерттеу тәжірибелері тахистоскоп құрылымы көмегімен жүргізіледі. Сыналып отырғанға секунд үлесі ішінде бірнеше объектілер ұсынылады.
Тахистоскоп тәжірибелері бойынша ересек адам бір уақытта зейін арқылы 4-5, ең көбі 7 бір-біріне тәуелсіз объектілерді қамти алады.
Тахистоскоптың экранында бір-біріне қатысы жоқ , бір өбірімен сөз құрастырмайтын әріптер басылса, 7 -ден көп әріп қабылдауға мүмкін емес. Сонымен, зейін 5ө7 объектілермен шектеледі.
Алайда “объект” ұғымын есепке алу керек. Әріп білмейтін сауатсыз адам үшін әр әріп бір объект болып көрінбейді. О әрпін ол “дөңгелек” сияқты қабылдаса, Р әрпі – 2 объектілі болады: “таяқша мен дөңгелек.” Нәтижесінде, ол ешқашан бір уақытта 7 ғана емес, 5 әріпті де қабылдай алмайды.
Әдетте адамдар әріп бойынша емес толық сөзді оқиды. Зейін көлемін ұлғайтудың ең маңызды құралы үлкен комплексті қабылдауды үйрену, басқа сөзбен айтқанда, заттардың бір толық тобын бір объектідей көру. Кейбір іс өәрекеттің түрлері зейіннің көбірек көлемін талап етеді.
Зейіннің басқа практикалықмәселелерді шешкенде ескерілуі керек. Плакаттағы немесе хабарландырудағы жазу көз салғанда да түссінікті керек болса, ол жазу 4—6 сөзден көп болмауы тиіс. Егер жазу одан ұзын болсын десеңіз, оның ішінен 3-4 маңызды сөз шрифтпен, түспен және т.б. ерекшелену керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет