Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет35/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

Зейіннің түрлері. Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.
Адам қызықты фильм көріп отырғанда, зейіні оның тырысуынсыз-ақ экранға бағытталған. Көшенің бойымен жүргенде автокөліктің қатты сигналы зейінді еріксіз аударады. Нақты объектіге еріксіз бағытталған зейін ө ырықсыз зейін. Еріксіз зейінде үйлесімді қозумен ми қыртысында пайда болған бөлімше тікелей әрекеттегі қоздырғыштарға байланысты.
Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты. Адамға қызықты кітаптан көз тартып, керекті жұмыспен (мысалы, шетелдік сөздерді жаттау) айналысу үшін, зейінін сол жаққа бұру үшін және ол зейін басқа жаққа алаңдауға мүмкіндік бермеу үшін тырысу керек. Егер мен дабыр-дүбір және көп күлкі бар бөлмеде қызықты кітапты оқып отырғым келсе, мен өзімді оқуға қызықтырып, әңгімеге мән бермеуім керек. Мұндай зейін-ырықты. Ол нақты затқа зейінді бағыттау үшін мақсат қояды, бұл мақсатын орындау үшін талпынады.
Адамның зейінді кез-келген бағытта ұстау қабілеті еңбек процесінде пайда болды. Бұл қабілеті жоқ жағдайда созылмалы және жоспарлы еңбек әрекетін жүзеге асыруға болмайды. Әр түрлі, мысалы, еңбек операциялары, адамды қызықтырмайтын тараптар іс асыруды қиындатады. Өзінің зейінін осы операцияларда еріксіз тоқтату, ұстау қажет, қазіргіуақытта өзіңді қызықтырмайтынға еерікті зейініңді аударуға үйрену қажет. Үздік қызметкерлер әрқашан өзініңзейінін жұмыс барысында пайда болатын істерге аударады.
Қорытып айтқанда, зейін ұйымдастыруының маңыздылығы- өмірімізде алға қойылатын мақсаттары мен біздің қызмет түріміз. Осыған сүйене отырып, біз саналы түрде ырықты зейінді бағыттаймыз, біздің мүддеміз осы мақсаттармен анықталады. Олар – ырықсыз зейіннің басты күштері. Н.Ф. Добрынин зейінді психикалық іс-әрекеттің анықталған ұйымдасуы деп есептейді.


1.2 Зейіннің қасиеттері, нейрофизиологиялық механизмдері және зейінділіктің қалыптасуы


Тұрақтылық – бір объектіге немесе бір мәселеге зейін аударылуының ұзақтығы. Тұрақтылық шеткі факторлармен анықталады, 2-3 секундтан ары бармайды, себебі одан кейін зейіннің ауысуы байқалады. Орталық зейіннің тұрақтылық кезеңі бірнеше минуттарды қамтиды. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, орталық зейіннің ұзақтығы, сол объектте жаңа мазмұнды аша алу мүмкіндігіне тәуелді.
Тұрақты зейін - ұзақ уақыт бойы бір затта не жұмыста зейіннің шоғырлануының қабілеті.
Тұрақты зейіннің қарама-қарсы түрі –тұрақсыз зейін, ол оқтын өоқтын бәсеңдейтін немесе басқа жаққа ауытқитын зейін.
Тәжірибелердің көрсетуінше, адам зейіннің әлсіреуіне және оның бірнеше секундқа ауытқуына мүмкіндік бермей белменді жұмыс атқарса зейіннің толық тұрақтылығы 10, 15 тіпті 20 минут аралығында сақталады. Іс жүзінде бұл әбден жеткілікті. Әр жұмыстың қалыптасуы 10 немесе 20 минут үздіксіз қадалушылықтан кейін алаңдауға мүмкіндік береді.
Зейінге мұндай қысқа мерзімді демалыс берілсе, ол тұрақтылықты бірнеше сағат аралығында сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет