Тақырыбы: «Қыздың ары – ұлттың ары!» Қыздармен жұмыс Мақсаты



Дата27.05.2018
өлшемі67,4 Kb.
#40903
Тақырыбы: «Қыздың ары – ұлттың ары!» Қыздармен жұмыс

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.

Психолог: Қыз өмірдің гүлі. Қыз – қызғалдақ деп айтып жатады. Жалпы «Қыз бала» ұғымын өзіміз қалай түсінеміз, айтып көрейікші кәне? Кім ол қыз деген? (Болашақ ана; ұрпақ жалғасы; сүйікті жар; ұлттың ұяты, халықтың шырайы; )

1.Ассоцация «Қыз» сөзіне

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. . Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де, өмірге әкелетін – ана.

Енді бүгінгі тақырыбымызға ой салар, жиналысымыздың өрбуіне жол ашар видеороликті көрсек.

2. Видеоролик

Психолог: Осы видеороликтен өздеріңізге не түйдіңіздер? Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойған. Қыздарымыз бұрымын қырқып, тіпті, шашын сыпырып сәнденсе, тіпті, шашы бар аруларымыздың өзі оны сан түске бояп әуре. Бұл – бір. Екіншіден, етек-жеңі қысқарып, кеу­десі жартылай жалаңаш киім киіп жүргендер де өзіміздің қаракөздеріміз. Ал ішімдікке сылқия то­йып, мас болу мен шылымды бұрқыратып жүруі, тіпті, сәнге айналғандай. Жүзінен ұяты төгіліп тұратын қазақ қызы бүгінде ешкімнен қымсынбастан-ақ көше бойында құшақтасып тұрғанын көр­генде кімге кінә артарыңды білмей дал боласың. «Жаным арымның садағасы» деп санайтын халықтың ұл-қызы неліктен арсыздыққа баруда? Бұған қоғам кінәлі ме? Әлде, балаларының материалдық жағдайын ғана жасап беруді алдыңғы орынға қойып, бала тәрбиесін уысынан шығарып алған ата-ана кінәлі ме? Біреуі қоғам десе, енді бірі «қоғам да адамның іс-әрекетінен өзгереді емес пе?» деп дау айтары анық…
Ал қазір «14-15 жастағы мектеп оқушысы жүкті болып, түсік жасатыпты» десе де селт етпейтін болдық. Себебі – бұл үйреншікті құбылысқа айналып барады. Ең қорқыныштысы да – осы. Қарға тамырлы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп, өмірге ұлы тұлғалар әкелетін болашақ аналарымыз өзінің ертеңгі тағдырына бүгін балта шауып жатыр.

3. Сұрақ

1. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тер­бе­тер» аруларымыздың осын­дай күйге түсуіне не се­беп бол­ды? Әсіресе, кейінгі он – он бес жылдың ішінде қыздарымыздың әбден жалаңаштанып кетуіне не әсер етті?

2. «Қызға қырық үйден тыйым салу» мәтелінің мағынасы неде? «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды.

4. Бекболат Тілеухан видеоролик

Қазір елдің көркі бо­лар қыздарымыз елдің ұятына ай­на­лып кет­кен­дей. Жаз шыға табиғат жа­сыл жамылғысын жа­мы­ла бас­та­са, біздің ару­ла­ры­мыз үстеріндегі «артық киімдерін» тас­тай бас­тай­ды. Сән қуып кеткен қыздарымызға қарап, ұят, әдемілік, биязылық, имандылық сезімдері қайда кет­кен, деп таң қаласың. Ал кіндікті ашып жүру – дәл қазір қыздардың дағдылы әдетіне ай­на­лып ба­ра­ды. Жас­тай­ы­нан ашық – шашық әйелдерді көріп өскен ұл ба­ла­да әйел за­ты­на де­ген құрмет қайдан бол­сын?

Психолог: Қоғамдағы қыздардың абы­рой – беделінің түсіп кетуі, алданған, зорланған қыздардың көбеюі, тас­тан­ды балалардың көз жа­сы – осылардың сал­да­ры емес пе? Түнгі уақытта, жар­ты­лай жалаңаш жігіттермен се­ру­ен­де­уге шыққан қызды, аш қасқырлардың ара­сы­на кірген қойға теңесе де бо­ла­ды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бы­лай де­ген екен: «Ұят пен иман бір – бірімен тығыз бай­ла­ны­с­ты, егер біреуі жоғалса, екіншісі қоса кетеді». Ендеше, адамдар өз ұяттарын жоғалту арқылы иман­нан да алыс­тап ба­ра­ды. Ал иман жоғалса, болашақтың бұлыңғыр тартары сөзсіз.
5. Сауалнама қорытындысы

1. «Қыз бала» ұғымын қалай түсінесің?

Қыз баланы көз алдымызға былай елестетеміз – сыпайы, нәзік, әдемі, әдепті, ақылды, жақын дос, көрікті, ұқыпты, тәрбиелі, болашақ ана.

2. Саған қыз баланың қандай қасиеттері ұнайды?

Инабаттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі, ақылдылығы, әдептілігі, мейірімділігі, сабырлы болуы, ұстамдылығы.

3. Өзің қандай қыздармен достық қарым-қатынастасың?

Әдепті, инабатты, тәртіпті, ар-ұяты жоғары, ақылды, өнерлі, қарапайым, сабырлы, өмірге көзқарасы жақсы, білімге құштар.

4. «Қызым үйде, қылығы түзде» деген мақалды ашып айт?

Үйде ақылды, әдепті, тәртіпті болып көрінгенімен, басқа ортада өзін жағымсыз жақтарымен, ерсі қылықтарымен көзге түскен қыздар. Бұл жерден қыздардың екі жүзділігін көреміз. «Күндіз иман, кешке иван», - дегенге келеді.

5.Қазір өзің байқаған біздің мектептегі қыз балалардың бойындағы жағымсыз қасиеттерді ата?

Қыздардың дөрекі, анайы сөйлеуі, сөзге араласуы, қырсықтық, мұғалімдерді сыйламауы, мектеп формасын дұрыс сақтамайды, өсек айтуы, дараңдаған дөрекі іс-әрекеттерін көреміз.

Ал, қыздар! Ұлдардың бұл берген жауаптарына не дейсіңдер? Өтірікпе, әлде шындыққа жанасқанба? Арине бұл айтылған ащы шындық.

Психолог: Мұқасан мен Нұрланның «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел:


«Көйлек киіп бір қыз жүр,
Ашық-шашық борбайға,
Жырық-қарыс етегі.
Суық тисе тоңбай ма?
Жалтыраған жанбасы,
Ұят қайда, ар қайда.
Бұлтың-бұлтың етеді.
Ұрсу керек мұндайда?»
Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөйлеп, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылым өзімдікі дұрыс демей, «қалай айтылды, неге айтты?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын жақсы қыз, өнегелі тәрбиелі қыз.

«Қызды қырық үйден тыйған» да­на халқымыз олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Бой жет­кен ару қыздардың сырт көздерден сақтап, олар­ды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген.

«Қыздың ары – ұлттың ары!», - дедік бүгінгі бас қосуымызда.

Рефлексия. Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін, не істеуіміз керек? Немесе нені істемеуіміз керек? Қазіргі қыздарымыз қандай болуы керек? Оларға қандай тәрбие қажет?



  1. Бүгінгі сырласудан өзіңе не алдың?

  2. Сені қандай тақырып тағы толғандырады?

Ш.Уалихановтың: «Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі», осыны бойына сіңіре білген адам тәрбиелі адам.
1. Адамның басшысы – Ақылы.
2. Жетекшісі – талап.
3. Шолушысы – ой.
4.Сынаушысы - халық.
5. Қорғаушысы – сабыр.
6. Қорғанышы – мінез.
7. Ең қымбаттысы – ар.

8. Таусылмайтыны – арман.

9. Барлығынан қымбаттысы – өмір.

Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына мынадай он түрлі талап қойған.


1. Әдепті.
2. Ар-ожданы пәк болу.
3. Кең пейіл, кешірімді болу.
4. Мейір-шапағатты болу.
5. Ақыл-парасатты болу.
6. Сабырлы-салмақты болу.
7.Адал болу.

8. Ақ жарқын болу,


9.Өжет,батыл болу,
10.Ұят намысты болу.
Бұл тиым сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау қажет.Айтылған өнегелі тиым сөздер ұстаздардың сынып жетекшілерінің үйреткен, ақыл-кеңес, білімі ата-ананың берген тәрбиесі бәрі-бәрі адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Қыз балалардың жасыратын еш нәрсе болмау керек.Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі. Ата-анаңды, ұстазыңды сыйла,айтқанын тыңдау керек. Олар сендерді қорғайды да, қолдайды да.
Қорытынды: Сонымен қорытындылай келе,қыздарымызға айтарым:»Кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп,үлкеннен өнеге алып,ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық бол»демекпін.
Ата-анаға сөз келтірмейтін, ананың мақтанышы болыңдар. Тәртібіңмен, өнеріңмен ұлтының намысын қорғайтын мектеп мақтанышы болыңдар.

Әбіш Кекілбаев: Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы өлең шумақтарының әр жолын жаныңда ұстағаның жөн, егер жақсы адам атанғың келсе, қызым:
-    Ей, қыздар
Ұшып қонып, жат қылыққа желікпе,
Өнегелі өскен жанға елікте.
Мода қуып боянғаннан түк шықпас,
Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте.

Арақ пенен темекіге жуыма,


Желікпеңдер ішкіліктің буына.
Жын ойнаққа үйір болсаң опық жеп,
Алданарсың алаяқтың қуына.

Үйір болма мейрамхана, кафеге


Сау басыңды ұшыратар қатерге.
Өмір бойы өкінішпен өтерсің
Бір ұрынсаң түзелмейтін қатеге.

Көше кезіп жүрмеңдерші қаңғырып,


Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып
Отырысқа күндіз кетіп үйіңнен,
Келіп жүрме қисалақтап таңға ұрып.

Өзің келіп жігіттерге ұрынба,


Елең етсең, атың шығар қырымға
Әзіл айтқан мас жастарға қадірің
Жауап қатпа, есің болса бұрылма.

Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын,


Жетілдіріп ой-өрісін сананың.
Дұрыс, теріс жағын ойлап білсін деп,
Барлық қыздар сабағына саламын.

Қыздарға!


Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүлдермен,


Тербетілген ақ самалмен, күнменен
Абайлап жүр ерте үзуге тым ғұмыр,
Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа ботам өте нәзік жаныңды,


Аңқау болма,қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп кетпе жалынға.

Төтеп берсін дауылдарға желкенің


Сарқылмасын бал қылықты ертеңің
Күрес еркем, жаман аттан жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.



Каталог: uploads -> doc -> 11f4
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f4 -> Cабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік
11f4 -> Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды Гәкку. Үкілі Ыбырай
11f4 -> Сабақ: №27 Мұғалім: А. Б. Рысқұлова Оқушылар саны
11f4 -> Сабақ: Аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері Мектеп : №13 А. Навои жом күні: 14. 03. 2017ж
11f4 -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. Мақсаты Күтілетін нәтиже
11f4 -> Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет