- Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт.Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.
-Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб, вирустармен жақсы күреседі.
-Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.
- Жұқпалы аурулардың алдын алу.Мұнда жеке бас гигиенасы да , шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.
-Зиянды әдеттердің алдын алу.Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп , өмірді қысқартады.
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
1.Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
2.Дұрыс тамақтану.
3.Дұрыс тынығу.
4.Дене еңбегімен шұғылдануы.
5.Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
6.П. Ивановтың кеңесі бойынша табиғат аясында болуы.
7.Зиянды әдеттерден сақтану.
8.Дұрыс қозғалыста болуы.
Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау сұрақтары 1. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс – әрекеттің бағыттары: білім беру үдерісінде балалар мен ересектердің бірлескен іс – әрекеті мен қатынасы арқылы қолайлы сыртқы орта жағдайын – микроәлеуметтік ортаны құру (ізгілікті қатынас, қолайлы психологиялық климат, белсенді шығармашылық жағдай); өзін – өзі тану, рефлексия, мақсаттылық арқылы оқушылардың өзін – өзі дамытуы мен өзін – өзі тәрбиелеуі үшін ішкі жағдайларын (мақсатын, қажеттіліктерін, қабілеттерін) қамтамасыз ету.
3. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік – педагогикалық технологиясы.
4. Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтың алдын – алу әдістемесі.
5. Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау
6. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс әрекеттердің бағыттары.
7. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы.