Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1



бет10/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Зерттеу әдісі. Бастауыш сынып оқушыларына білім беруді шығармашылық деңгейіне көтеру - оқыту барысында зерттеу әдістерін (тәжірибе, эксперимент) жиі қолдануды талап етеді. Зерттеу әдістерінің ортақ белгісі - ізденушілік, оқушылардың меңгеретін білімге өздігінен атқаратын жұмыстарының нәтижесінде жетуі.
Зерттеу әдістеріне үш кезең тән. Бірінші - дайындык кезеңі: мұғалім не үшін ізденіс жүргізу керектігін түсіндіреді, керекті құрал-жабдықтарды дайындайды; екінші - мақсат қойып, ізденіс жүргізу кезеңі; үшінші - ізденіс нәтижесін қорыту, тұжырымдау кезеңі. Қорыту ауызша, жазбаша немесе сурет салу түрінде де болуы мүмкін.
Зерттеу әдістерін қолданғанда мұғалім оқушыларды топка бөлуіне не жеке тапсырмалар беруіне болады. Зерттеу кезінде оқушылар өздері үшін жаңалық ашады. Бұрын тікелей байқай алмай жүрген ерекшеліктерді, қасиеттерді түсініп меңгереді. Оқушыларда шығармашылық әрекет дами түседі.
Жаттығу зерттеу әдістерінің бәріне ортақ. Зерттеу әдістері барысында оқушылардың өздігінен жұмыс атқара отырып, бұрын алған білімдерін іс жүзінде қолданып үйренеді.
Жаттығу кезінде оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары екі деңгейде өтеді. Біріншісі, мұғалімнің айтып түсіндірген әдіс-тәсілі бойынша жұмыс орындау; екіншісі, бұрын алған ұғымдары мен дағдыларына сүйеніп, жаттығуды өздігінен орындау.
Жаттығудың жазбаша түрлеріне: жердің сұлбасын сызу, географиялық карталарды оқу және оны кескін картаға түсіру, шартты белгілерді ажыратып, дәптерге не бақылау күнделігіне салу, өсімдік пен жануарлар бейнесінің суретін салу т. б. жатса, жаттығудың табиғатта орындалатын түрлеріне: үлескідегі өсімдіктерді күту, табиғат бұрышындағы жұмыстар кіреді. Осы жұмыстардың қай-қайсысы да оқушының қиялы, есі, зейіні және меңгерген білімінің нәтижесінде жүзеге асады.
Көрнекілік әдіс. Қай пәнді оқытуда да көрнекілік әдісі қолданылмай оқу-тәрбие мәселесі жүзеге асуы мүмкін емес. Дүниетануды оқытудағы көрнекілік әдісі нақты заттарды, құбылыстарды, не оларды бейнелейтін мазмұнды суреттер мен техниқалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.
Көрнекілік әдісі арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді. Көрнекілік оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақтың мақсатына байланысты көрнекілікті қолдану мақсаты да өзгеріп отырады. Көрнекілікті қолдану бірнеше кезеңде өтеді:
- Көрнекілік түрін тақырып мақсатына қарай сәйкестеу;
- Көрнекілікті пайдаланудың жоспарын жасау;
- Көрнекілікпен жұмыс жоспарын оқушыларға түсіндіру, тапсырмалар беру;
- Оқушылардың жоспар бойынша атқаратын әрекеттері;
- Көрнекілік бойынша жұмыстың нәтижесін қорытындылау.
Қоршаған ортадан білім беруде, түрлі табиғи көріністерді, жануарлар мен өсімдіктер ерекшелігін суреттеуге арналған өлеңдерді пайдалану арқылы оны мәнерлеп оқыту бойынша көркем сөз көрнекілігін пайдалану жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет