Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1


Дәріс 2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы



бет4/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Дәріс 2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы
Мазмұны:
1. Дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуына шетелдік және Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі
2. Дүниетануды оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы.
3. Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы
4. «Дүниетануды» оқытудың қазіргі жағдайы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мектепте дүниетану пәнін оқыту тарихына тоқталсақ, біз бұл пәннің «Жаратылыстану» болып енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлінгенін айтамыз. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2-класс пен 4-класта оқытылды.
Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы жаратылыстанудың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы жоспар бойынша 2-және 3-класта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.
А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады. Айталық;
1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу;
2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;
3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;
4. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;
5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.
1924 жылы Қазақстан ғылыми қызметкерлерінің І-съезі болды. Мұнда Мемлекеттік ғылыми совет (ГУС) жасаған жаңа бағдарлама жобасы талқыланды. Бұл бағдарламалар әрбір пәнге жеке-жеке берілді. Соның бірі -табиғаттану болды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты - адамның еңбек әрекеті, оның табиғатқа тигізетін әсері, қоғам мүддесі үшін табиғат күшін бағындыру мәселелерін оқып үйрету болды. Табиғат жайында берілетін материал үш бөлімнен (табиғат-еңбек-қоғам) тұрды. Мұнда көзделген мақсат: адамның кайта құрушылық әрекетін аша көрсетіп, оның коршаған дуниені өзгертудегі ақыл-ойының рөлін таныту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет