Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет11/49
Дата24.03.2022
өлшемі146,5 Kb.
#136656
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
дәрістің мазмұны философия (3)

Номинализм (nomіnіs, - лат. сөзі, - заттың аты) схоластикадағы жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер шын өміріде тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар - жалпы ұғымдар тек қана заттардың аты, біздің ауызымыздан шығатын дыбыстар ғана,- деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.
Реализм бағытына келер болсақ (realіs, - лат. сөзі,- шынайы зат), олар номинализмге қарсы бағыталған, универсалиялар - жалпы ұғымдар - шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді,- деген пікірді ұстайды.
Концептуализм бағыты (conceptus, - лат. сөзі, - ұғым) жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ой емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді, - деген пікірге келеді.
Сонымен, концептуализм бір-біріне қарсы тұрған екі бағыттың сыңар жақтығын байқап универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына шығады.
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.
Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.
Орта ғасырдағы араб философиясына антик философиясы орасан әсерін тигізді. Араб ойшылдары антик мұрасын сақтап қана қойған жоқ, оны шығысқа таратты, еңбектерді грек тілінен араб тіліне аударды.
XI ғ. Арабтық шығыста антик философиясы мен ғылыми еңбектері түгілдей дерлік белгілі болды, оларға бірінші кезекте Архимед, Аристотель, Гален, Платон, Птоломей, Пифагор т.б. шығармалары жатады. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еткен факторлар, оның даму кезеңдері. Мұсылмандық діңи ілімнің қалыптасуы. Мутақаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза ағайындардың» неоплатонизмі.
Классиқалық суфизмнің философиялық кырлары. Өмір сүріп отырғанның бәрі Кұдай және Кұдай бэрінде өмір сүреді. Мухиддин ибн Араби: әмбебап адам қонцепциясы. Әл-Газалидің кұдайы алғашқы себепті рационалды түсінуді сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет Иасауи: әлемдегі және өзіндегі Күдайды «басынан кешіру» және жету тэжірибесі.
Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: акыл-ой дүниені танып-білудің жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логиқасы, натурфилософиясы, этиқасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар классифиқациясы. Ибн Рушд: философияның ортодоксалды мұсылмандықган қорғау. Жүсіп Баласағұнның адам мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұд Қашғаридің түркі энциклопедиясы. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының Еуропаның ғылыми ойына айқындаушы әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет