Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет15/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері
Тасболат Ардак, жм 5 курс каз, Туған жердің таланттары ереже, Туған жердің таланттары ереже
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Теорияның негізгі принциптері.

  2. Модельдеу арқылы үйрену.

Бақылау арқылы үйренудегі бекіту.
11 дәріс.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тұлғаны психологиялық зерттеудегі гуманистік бағыт (А.Маслоу).

  2. Гуманистік психологияның негізгі принциптері.

  3. Мотивация: қажеттілік иерархиясы.




  1. Абрахам Харальд Маслоу Нью-Йорктің Бруклин деген жерінде 1908 жылы дүниеге келген. Оның ата-аналары Ресейден көшіп келген еврейлер болған. Ол отбасының үлкен ұлы болғандықтан, оның ата-анасы Маслоудың жоғары білім алуын қалады. Ол балалық шағын жалғыз жэне бақытсыз болғанын айтады. 1930 жылы Висконсий Университетінде психология бойынша арнайы академиялық курсты тәмәмдап бакалавр деңгейін, 1931 жылы гумманитарлық ғылым магистрі және 1934 жылы доктор атағын алған. Маслоу докторлық деңгейді алғаннан кейін Висконсин қаласынан Нью-Йорк қаласына қайтіп келіп, теоретик Э.Л.Торндайк пен Колумбиялық Университетте жұмыс істейді. Ол осы жерде көптеген европалық ғалымдармен: Эрик Фромм, Альфред Адлер, Карен Хорни, Рут Бенедикт, Макс Вертгеймер және тағы басқалармен танысады. Ол өзінің өмірінің соңғы 10 жылында көптеген еңбектерін жазады. Бұл: «Дневник Эупсихея» ( 1965 ); «Жеке тұлға және мотивация» (1967); «Адам табиғатының жаңа өлшемдері» (1971); т.б. 1960 жылы Маслоудың бастауы мен психологияда тұтас жаратылған, өмірге биімді, альтернативті теоретикалық маңызды интеллектуалдық ағым психоанализ жэне бихевиаризм бірігіп, гумманистік психология термині осы топ қызметкерлердің ойлауымен жарыққа шығарылды.

Гумманистік психология қатал ұйымдастырылған теоретикалық жүйе болып табылмайды, оны қозғалыс деп қарастырады. Гумманистік психология экзистенциалистік философияның терең түбіріне жатады.


Адамға деген экзистенциалистік көзқарас нақты уақыт пен кеңістікте өмір сүретін және адам болмысының бірегейлігін нақты және спецификалық түсінуден бастау алады. Экзистенциалистер біздің əрқайсымыз «тіршілік әлемінде» өзіміздің тірлігімізді және ақырғы өлімімізді саналы және ауыр қабылдап өмір сүреміз. Біз әлемнен тыс тіршілік етпейміз және әлемнің біздерсіз мәні жоқ. Экзистенциалистер адамның тұқымқуалаушылық факторының немесе қоршаған орта әсерінің жемісі деген түсінікті жоққа шығара отырып, біздің əрқайсымыз соңында өзіміздің кім екенімізге және кім болып қалыптасатынымызға жауаптымыз. Сартр айтқандай: «Адам өзін-өзі қалыптастырушы. Бұл экзистенциализмнің бірінші принципі». Олардың ойынша, біздің әрқайсымызға шақыру міндеті тұр. Бірегей адамзаттық еркіндік және өз өміріне мән беру жауапкершілігі тәжірибесі тегін беріле салмайды. Кейде еркіндік пен жауапкершілік ауыр, әр үрей тудыратын міндет болуы мүмкін. Экзистенциалистердің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің тағдырлары үшін жауапты екеніне сезінеді, сондықтан да олар түңілу, жалғыздық және мазасыздық сезімдерін бастан кешеді.
Белгілі бір уақытта берілген орында ағымына тасталған адамдардың өздері істейтін әрекетті таңдауға жауапты. Бүл егер адамдарға таңдау мүмкіндігі берілсе, сонда олар міндетті түрде өздерінің қызығушылықтары арқылы іс-әрекет жасайды деген сөз емес.
Таңдау еркіндігі - бұл таңдау мүлтіксіз және саналы болуына кепілдік бермейді. Егерде бұл солай болса, адамдар түңілумен, мазасыздықтан, кінәдан және т.б. көптеген жағымсыз сезімдерден жапа шекпес еді. Экзистенциалистік философия әрбір адам өз іс-әрекеті үшін жауапты деп түсіндіреді. Бұл гумманистік психологияның көзқарасымен сәйкес келеді. Гумманист теоретиктер сондай-ақ әрбір адам өз іс-әрекетінің және өмірлік тәжірибесінің басты құрылысшысы деген көзқарасты ұстанады. Адамдар - ойлаушы тіршілік иесі, өз іс-әрекеттерінің шешуші және еркін таңдаушы.
Экзистенцилизмнен алынған гуманистік психологияның маңызды концепциясы - бұл қалыптасу концепциясы. Адамдар әрқашан қалыптасу процесінде болады. Колледждің жоғарғы курс студенті 4 жыл бұрынғы тұрақсыз жасөспірімнен әлдеқайда ерекшеленеді. Ал 4 жылдан кейін жаңа өмір жолына мысалы, ата-ана болуына, кəсіби карьера жасауына байланысты мүлдем өзгеруі мүмкін. Иерархиялық қажеттілік бірте-бірте пайда болып шығады. Адам жай 1 ғана қанағаттандыру басқа уақытта деп қанағаттандырады. Маслоу категориясының қажеттілігі былай түсіндіріледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет