Әдебиеттер тізімі: 1,280-291 бет
Пысықтау сұрақтары:
Биологиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы неде?
Сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлерін білесіңдер?
12 тақырып Биологияны оқытуда материалдық базасын ұйымдастыру Мақсаттар:
- биологияны оқытуда материалдық базасымен таныстыру, - биология кабинетін ұйымдастыру оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, оқу жабдықтарын орналастыру туралы ұғым беру
Жоспар:
Биология кабинеті
Мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алады
Тірі -табиғат мүйісі
1 Биологияны окытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу керек, ол дегеніміз оқытудың материалдық базасын ұйымдастыру; биология кабинеті, оқу-тәжірибе алады және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өзара байланысты және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірі өзара толықтырып отырады.
Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан ол, негізінен сыныпта өтеді. Биология сабақтары өтетін сынып бөлмесі - биология кабинеті болуы тиіс, осында биологиялық білімді игеру жүреді.
Биология кабинеті - бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән ұстазы үшін кабинет, өзінің бар; жинақталған «байлығымен», тек қана сабақ өткізуге арналған және тек қана жұмыс орны емес. Бұл ерекше орын, онда әртүрлі өсімдіктерді және; жануарларды кездестіретін өз алдына табиғаттың бір бөлшегі. Осы жерде тек күнделікті сабақтар ғана отіп коймайды, онда зертханалық және сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
Кабинетте барлық оқытуға кажетті құрал-жабдықтар және арнайы, нақты курсқа, нақты тақырыпты оқытуға арналған құралдар болады.
Кабинеттің оқу - тәрбиелік рөлі. Биология кабинетінде оқыту үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту сияқты жұмыстар жүргізіледі, сол үшін де ерекше құралдар мен жабдықтар керек. Топтық практикалық жұмыстар, әртүрлі дәстүрлі емес сабақтар жүргізген кезде орындарынан қозғап өзгерте алатындай ыңғайлы орындықтар мен үстелдер болады. Мүғалімнің үстелі мен тақта сабақта көрнекі құралдар көрсетуге пайдаланылады. Қабырғада (тақта үстінде) экран (оралған түрде), қатарында телевизор, арт жақта кинопроектор.
Кабинетте су құбыры, қол жуғыш міндетті түрде болуы шарт. Су үнемі практикалық, зертханалық жұмыстар және өсімдіктер мен жануарларды күту үшін қажет.
Биологиялық әдебиеттер, әртүрлі анықтамалар, зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік ұсыныстар жинакталған шағын
кітапхана ұстазға да оқушыға да оқу материалын меңгеруде кажет.Ғылыми - әдістемелік рөлі. Кабинет - биология мұғалімінін жұмыс орны.Сол себепті онда ұстазға сабаққа және басқа жұмыстарға шығармашылықпен дайындалуға мүмкіндік туғызатын қажетті бағдарламалар, кітаптар, мерзімді басылымдар, әсіресе «Мектептегі биология», «Мектептегі экологиялық білім» т. б. журналдар мен әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс.
2 Мектеп жанындағы оку-тәжірибе алаңы да биологияны сапалы оқытуда «маңызды материалдық базаның бір кұрам бөлігі. Биологияны оқыту - практикасында мектептің оқу – тәжірибе алаңының рөлі аса зор. Тәжірибе алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті өсімдіктерді өсіру мен баптаудың практикалық біліктілігін игереді. Жануарларды күту, бақылау дағдылары қалыптасады. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып осімдіктердің өсуінің биологиялық зандылықтарын анықтайды. Нақты осы табиғи жағдайда өсуі мен даму, оның қажетті
шарттарын оқып үйренеді. Тәжірибелер мен бақылаулар кезінде шаруашылық дакылдарының түсімін молайту мүмкіндіктерін анықтайды.
Оқушылардың еңбек тәрбиесінде биология пәнінің, оның ішінде оқу -тәжірибе алаңының маңызы зор әрі мүмкіндіктері мол. Тәжірибе алаңындағы жұмыс балалардың еңбек мәдениетін, әсемдік сезімін, және ұжымдық дағдыларын тәрбиелейді.
Мектептің оку-тәжірибе алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу- тәжірибе алаңы мектеп ғимаратына жақын орналасуы тиіс. Оны жасағанда, орын таңдағанда, жердің сипаты, бедері мен топырақ жағдайлары, жарық түсуі есепке алынуы кажет. Оқу-тәжірибе алаңы биология пәнінің зертханалық және практикалық жұмыстарының бөлімшесі ретінде болғандықтан онда биология пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқылатын өсімдіктер өсіру кажет.
3 Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналастырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер тек қана сакталмайды, ол - сабакта және сыныптан тыс сабақтан жұмыстарда бақылаулар мен тәжірибелер жүргізілетін орын. Бұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз.
Кез - келген мектепте тірі табиғаг мүйісінің болуы оқушылардың мәдениетіне өсімдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор.
Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе - оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу-тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғай дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады.
Биология кабинеті мен оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат салысып, белсене араласқаны жөн. Жануарлар мен өсімдіктердің орналастырылуы және оларды ұстау биологиялық, санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар өсімдіктер мен жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте жасайды. Тірі нысандармен жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті, біліктілігі мен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылык және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді.
Әдебиеттер тізімі: 1,46-66
Пысықтау сұрақтары:
1.Биологияны оқытудың материалдық базасының ролі қандай ?
Биология кабинетін ұйымдастыруда басты назарда болатын қандай идеяны
негізге алу керек?
Биология кабинетінің қызметі қандай ?
Оқу - тәрбие үрдісінде биология кабинеті қандай рол атқарады?
Биология кабинетін безендіруде қандай талаптар орындауы керек ?
13 тақырып Биология және экология сабақтары
Мақсаттар:
- өсімдіктану пәнін оқыту әдістемелік негіздерімен, мақсаттары, міндеттері және маңызымен, оның мазмұнымен және оқыту әдістерімен таныстыру.
Жоспар:
1 Биология және экология сабақтарының негізгі формасы
1 Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері -биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондықтан сабақта негізгі көңіл биологиялық және экологиялық білім жүйесі мен біліктілікті игеруге аударылуы тиіс.
Сабақ - тұрақты, жастары бойынша және дайындықтары бойынша шамамен біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен - биологияның белгі бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары «ашық аспан астында» - мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ оқушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларының дамуы, тұлғалық сапалары мен сезімдсрінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындыкқа деген қатынас қалыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анық құрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазұн мен әдістерді дұрыс талдау, оқушылардың таным белсенділігін қамтамасыз ету. Әрбір сабақ әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабақтың саласына койылатын басты талап - балалардың осы пәндерге қызығушылығын дамытуға үлес қосу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабақтың пәрменділігі оның барлық элементтерінің аныктығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде оқушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу қажет, жетекші ой-пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемі мен тереңдігін анықтау және негізгі мазмұнды нақтылауға пайдаланылатын қосымша материал ескерілуі керек.
Білім беру міндеттерін шешу оқыту әдістеріне байланысты, оларды тәсілдермен көрнекі құралдар пайдаланумен, өлкетану материалдарын пайдаланумен, өмір тәжірибесіне сүйенумен, бақылаулар және тәжірибелермен тағы басқа пәндерден алған білімдермен байыту, толықтырумен байланысты. Негізгі білімнің мазмұнымен сәйкес қажетті оқу біліктілігі шеңберін дайындап бөлу және олардың сабақта қалыптасуын камтамасыз ету маңызды болып саналады.
Сабакта ақыл-ойды дамыту мақсатында оқушылардың таным әрекетінің
шығармашылық сипатын қамтамасыз ету керек, олардың ойлау операциясын игеруін, білімді қолдана алу біліктілігін жетілдіру қажет. Оған биологиялық нысандар немесе құбылыстарды талдау, абстрактылық ұғымдарды игеру, нысандарды салыстыру немесе қорытынды жасау, оқылып жатқан құбылыстардың себептерін іздестіру, деректер мен құбылыстарды түсіндіруге теориялық, білімді пайдалана алуға жеткізетін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану және әртүрлі білім көздерімен дербес жұмыс жасай білу жеткізеді. Әдебиеттер тізімі: 1, 178-180 бет
Пысықтау сұрақтары:
Биологияны оқыту әдістемесінің нысаны мен пәні қандай?
Экологияның ғылым ретіндегі манызын дәлелдеңіз?
14 такырып Зертханалық және танымжорық сабақтар Мақсаттар:
- адам және оның денсаулығы пәнінен сабақ өткізудегі білімдік және тәрбиелік маңызы және ерекшеліктерімен таныстыру;
- адам ағзасын зерттеу және оқыту барысындағы қолданылатын әдістер мен сабақ өткізу формаларын белгілеу
Жоспар:
1 Зертханалық және танымжорық сабақтарға тән ерекшеліктері
1 Биология ғылымының өзіне тән ерекшелігінің мектептегі биология пәнінде тапқан көршісінің бірі - ол осы ғылымның зерттеу әдістерінде кең колданылатын зертханалық зерттеу жұмыстары мен табиғаттағы тірі нысандарды бақылау. Осы зерттеудің екі әдісі де биолог студенттердің алғашқы күнінен басталып әрі қарай кәсіби мамандығында жалғасып жататын ғылыми танымның негізгі жолы. Мектеп биологиясындағы бағдарламалар мен жоспарларда осы зертханалық жұмыстар мен танымжорықтарға арнайы сағат бөлініп немесе тақырыптарда қоса өтілуі көрсетіледі.
Сабақ түрлері. Зертханалық сабак -бұл да негізінен жаңа материал өтілетін сабақ түрі. Басқа сабақ түрлерінен біраз айырмашылығы бар. Зертханалық сабақта пәндік көрнекілік пайдаланылады, уақыттың көп бөлігін оқушылардың биологиялық нысандарымен жұмысы алады (бақылау, тәжірибе). Зертханалық сабақтар кезінде окушылардың практикалық және интеллектуалдық біліктігі әсіресе пәрменді қалыптасады, өйткені олар табиғи нысандармен немесе олардың нобайларымен жұмыс үрдісі кезінде пәндік талдау, құрау және тұжырым жасайды. Зертханалық сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда жаңа білім игеруде және біліктілікті қалыптастыруда оқушылардың жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін дербестік дәрежесіне, ұстаздың балалардың танымдық әрекетін шебер басқаруына байланысты.
Зертханалық сабақ әдістемесінің өзіне тән біраз ерекшеліктері бар. Ол негізінде тақырыбы, мақсаты және жұмыс мазмұны анықталатын кіріспе
әңгімеден басталады. Мұғалім балаларды тапсырмалармен таныстырады, оқу әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі, бақылаулар мен тәжірибелердің мақсаты бағытталуын қамтамасыз етеді, жұмысты орындау және нәтижелерді дайындау ретін бакылап оларды талдайды. Зертханалық сабақтың табысты болуы тақтада немесе қиықшада (карточкада) жазылаттын тапсырманың анықтығына, нақты-лығына байланысты. Онда жұмыстың жүргізілу әдістері мен кезеңдерінің реті көрсетіледі. Сұрақтарды қою арқылы оқушылардың тапсырманы түсінгендігі тексеріледі.
Танымжорық сабақ - білім беруде және тәрбиеде маңызы зор сабақ түрі болып есептеледі.
Пән ретінде биология оқушыларды тірі табиғаттың әртүрлілігі жөніндегі біліммен қаруландыруы қажет, сондықтан осы қиын міндетті шешуде тірі нысанды, олардың табиғи айналасында, тіршілік орнында таныстырусыз мүмкін емес. Сол себепті ұстаз биология пәніндегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызды формасының бірі - танымжорықты пайдаланады. Танымжорықтар окушыларды мектептегіден басқа жағдайда, ерекше таным әрекеті кезінде тәрбиелейді.
Мектеп танымжорығы - мектептен тыс бір нысаннан келесісіне, олардың табиғи ортасында немесе қолдан жасалған жағдайда, бағдарламамен байланысты тақырып бойынша және мұғалімнің таңдауымен, танымдық мақсатпен жылжып отыру арқылы сыныппен немесе бір топ оқушылармен жүргзілетін оқу-тәрбие жұмысының формасы.
Табиғатқа танымжорыкқа шыкқанда оқушылар әртүрлі биологиялық нысандармен танысып, нақты түсініктері байи түседі, сыныптағы сабақтан алған тірі табиғат жөніндегі білімдері кеңейіп, тереңдей түседі. Тұрған жерін, табиғаттағы күрделі байланысты анықтауға, табиғаттағы аусымдық жағдайды оқып білуге жағдай осы танымжорық кезінде тудырылады. Балалар мұғалімнің тапсырмасы бойынша табиғи нысандарды табуды, табиғат құбылыстарын салыстыруды үйреніп натуралистік дағды игере бастайды.
Танымжорықтың тәрбиелік мәні де зор. Табиғи нысандарды тіке табиғат ортасында бақылау сезімді оятады.
Әсемдік, имандылық тәрбиеде, оқушылардың табиғаттың сұлулығы үйлесіміне шаттануы және әсерленуіне, табиғатты корғау кажеттігіне көзде жеткізуде танымжорыктардың маңызы зор екендігі күмән туғьзбайды. Әй де, сабақтың баска түріне зияны тиетіндей дәрежеде танымжорықтарды аса өткізуге болмайды, өйткені тек танымжорықтар арқылы оқушыларды білім жүйесімен қаруландыру мүмкін емес.
Әдебиеттер тізімі: 1, 192-194 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Неге зертханалық және танымжорық сабақ түрлерін «Білімді бекіту сабағы» типіне жатқызамыз?
15 тақырып Оқытудың жаңа технологиясы Мақсаттар:
оқытудың жаңа технологиясы тәсілдерінің ерекшеліктері туралы ұғым беру,
дәстүрлі емес сабақтар,олардағы түсініктерді қалыптастыру
Жоспар:
Оқыту технологиясы ұғымы.
Жаңа технологиялық сабақтар
Дәстүрлі емес сабақтар
1 Әдістемелік әдебиеттерде қазіргі кезде педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы деген ұғымдар жиі кездеседі. Осы ұғымдар білім беру теориясы мен практикасына кеңінен кірген. Биология оқыту әдістемесі аталған ұғымдармен тығыз қатыста.
«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген. Технология (грекше - өнер, шеберлік – logos-ұғым) шетел сөздері сөздігінде: 1) әдістер жиынтығы; 2) жасау тәсілдері жөніндегі ғылым. Осы терминнің педагогикалық әдебиеттерде пайда болуы оның әртүрлі түсіндірілуімен көрінуде. Техникада кез-келген өндірісте «технология» сөзі белгілі бір операцияларды, жұмыстар ретін және қандай да бір өнімнің дайындалу тәсілдері деп кабылданады, өнімді дайындауға байланысты белгілі әрекет көрсетіледі. Технология -бұл ерекше белгі, мазмұн жөнінде, кұрам жөнінде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруда карастырады.
Білім беру жүйесі технологияны жасау үшін негіз болып саналады, сондықтан педагогикалық технология практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықталады. Бұнда негізгі көңіл оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын алдын-ала жобалауға бөлінеді. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі.
Педагогикалық технология - бұл оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына және оқушы тұлғасын дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған педагогикалық әрекетті ретімен ашып керсету жүйесінің жобасы және оны жүзеге асыру.
Басқа педагогтардың анықтамасы бойынша, педагогикалық технология -бұл қажетті нәтижеге жету үшін білім беру үрдісінде құралдар жүйесін жоспарлау мен қолдану.
Жалпы педагогикалық технология жөнінде жәнс жеке алғанда оқыту технологиясы ұғымдарының түсіндірілуінің көптігіне карамастан барлық авторлар аса маңызды үi ұстанымды атап көрсетеді:
оқытуды оқушының бақыланған әрекеттерінің жиынтығы түрінде кажет етіп
отырған эталонды нақты анықтау негізінде жоспарлау;
барлық оқыту үрдісін бағдарламалау: мұғалім әрекетінің катаң реттілігі және
оқып үйренуге жағдай жасау;
- жетістікке кепіл болатын әрекеттердің реттілігі.
2 Бүгінгі күні оқу ағарту ісінде вариативтік принцип жарияланған, соның нәтижесінде педагогтік ұжымдар оқыту үрдісінде кез-келген нобайлар,
авторлық нобайлар таңдап алуларына мүмкіндік туды. Осы бағытта білім беруде прогресс жүруде: білім беру құрылымының пәрменділігін арттыруда қазіргі дидактика мүмкіндіктерін пайдалану, оның әр түрлі жолдарын жасау оқытудың жаңа технологиялары мен ой- пікірлерді ғылыми және тәжірибелі негіздеу. Қазіргі кезде мектептерде біраз мұғалімдер колданып жүрген оқыту үрдісіндегі блокты - модульді окыту жүйесі ерекше орын алады. Осы сабақтың түрлері, әсіресе, орыс мектептерінде кең тараған. Бұл сабақтардың ерекшеліктері - бір пәнді бір немесе екі блокта, тоқсанда оқытып бітіру қортынды сынақ немесе емтиханды тапсыру.
Модульді сабақ кезінде мұғалім тақырыптардан модульдер құрып қиын жеңілдігіне байланыстьі біріктіреді. Осындай сабақтың кәдімгі дәстүрі сабақтардан айырмашылығы - оқушылар өз бетімен ойланып жұмыс істеуін шығармашылыкқа үйренеді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, көмектеседі өзінің және жолдасының жұмысын бағалайды. Мұғалім ондай сабақ кезін оқушыларға бақылау, қысым жасау «бюрократтығынан» босап тек оқушы жұмысын басқарады. Сабақты осылай ұйымдастырудың арқасында ұстаз іс жүзінде әрбір оқушымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады, төмен орташа үлгерімдегілерге көмектесіп жақсы, мықты оқушыларды дәріптейді.
Шаталовтың әдістемелік жүйесі. Оқытудың көптеген проблемаларын шешуге бағытталған педагогикалық үрдісті құрудың ұйымдастыру -әдістемелік жүйесінің бірі - В.Ф. Шаталов тәжірибесі. Шаталов жүйесінің негізті басымдылығы оның әлеуметтік бағыттылығы: «Шаталов бойынша» жоғары дәрежеде оқытылған балаларда оқудан жирену, ондағы күйреу, мектепті, ұстаздар, балалар ұжымын жатсыну болмайды. Жүйелі адал еңбекке, жолдастық өзара көмекке, ашық сынға және өзін-өзі қатал бағалауға калыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау - күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл өз тұғырнамаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру және оларды шығармашылықпен түйсіну.
Сын түрғысынан ойлау психология, лингвистика, дидактика т.б. сиякты әлеуметтік-гуманитарлық пәпдердің қазіргі жетістіктеріне негізделген білім беру философиясы.
Сын тұрғысынан ойлау - оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлық түрлсрін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталган педагогакалық технология.
Осы техдологияның психологиялық-педагогикалық негізіне Л.С.Выготскийдің (оқушылармен жұмыс кезінде олардың келешек дамуының жақын аймағын тиімді қалыптастыру қажеттігі) пікірлері, Ж.ІІиаженің (интеллекті дамыту үшін «жағдаятты» тудыру) және Д.Дьюдің («жасау жолымен» оқыту жөнінде) пікірлері алынған. Технология авторлары АҚШ-тың тәжірибелі педагогтары.
Мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі және басты формасы осы күнге дейін сабақ екендігі айтылды. Бірақ дидактикалық талаптарға сай, ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуга деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ыкылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді. Сабақ 40-45 мин. уақыт қана емес, ол берілген шығармашыл еңбек көлемі.
Оқытудың ойын формасы - соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір колайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын -белсенділікпен, озін көрсетуге, сөйте отырып үйренугс әсер етеді. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы, ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі — ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістері әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген деген қорытындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқыққа, ғана қолы жетіп қоймай, аядыңғы қатарлы, әрекетшіл болып, басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Бұл - ойлаудың өжеттігі, дәстүрлі еместігі. Басқа әрекеттер сияқты сабактағы ойын әрекеті де негізделген болып, оқушылар оның қажеттігін сезіну керек.
Саяхат сабақтарының ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігінде. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарынан сөйлеп, солардыц кейпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылағыштығы, өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдері жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушыны жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға еркін сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі.
Келесі сабақ түрі- аукцион сабақ. Дәстүрлі емес сабақтар ішінде бұл сабақтың орны ерекше. Тәжірибеде байкалғандай бұл сабақты өткізу алдында оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында жекелей ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар жүргізеді. Ол үшін қосымша материалдардан оқулықта жок көптеген деректер тауып дәрумендердің ағзадағы ролін толық көрсеткендігі дәлел болады.
Ұстаз тәжірибесінде жақсы жетістікпен өтетін сабактың бірі интеграциялық сабақ. «Тірі ағзалардың химиялық құрамы» тақырыбындағы осындай сабақ оған мысал болады. Бұл сабақты үш пән мүғалімі (биология, химия, физика) бірігіп өткізеді.
Спектакль түріндегі сабақтар өте жоғары деңгейде өтеді. Оқылатын тақырып толық беріліп, барлық мүмкін ақпараттар жинақталып ұстаз сценарий жазады, оқушылар көмектеседі. Балалардың бірі актер, бірі суретші, бірі дыбысын көркемдеуші т.б. болып сыныптағы көпшілік оқушы қатысады. Бұнда біржасушалыдан бастап тіршіліктің жоғарғы калыптарына дейін түрлі - түрлі сценарийлер құруға болады. Балалардың қатысуымен жазылған пьесалар олардың түсінігіне жақын. Әрине, толық ынта-жігермен, қиялмен, ғылыми негізінен ауытқымай құрылуы қажет. Театрлық шығармашылық балаларға жақын, себебі, «барлық драмаландыру ойынмен» байланысты және «көркем шығармашылықты жекелей әсерленушілікпен байланыстырады», өйткені драма - өзінде барлық шығармашылық түрлерін топтастырған. Шын мәнінде осындай сабақтың жүргізілуі қазіргі экологиялық проблемаларға ешкімнің бей-жай қарай алмайтынын көрсетеді. Тіршілікте экологиялық жүйенің тепе-теңдігінің маңызын көрсететін қорытынды сабақ осындай тұрғыда болады.
Әдебиеттер тізімі: 1, 227-270 бет
Пысықтау сұрақтары:
Педагогикалық технология дегеніміз не, олардың басты қызметі қандай?
Жаңа технологиялық сабақтарға қандай сабақ түрлерін жатқызуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |