Әдебиеттер тізімі: 1, 93-120 бет
Пысықтау сұрақтар:
Биологиялық білімнің бала тәрбиесіндегі маңызы кандай?
Биологияны оқыту үрдісіне тәрбиелеу жүйесінің қандай элементтері көрініс
табады?
Биологияны оқытуда тәрбиені жүзеге асырудың шарттары қандай?
Биологияны оқытуда барлық тәрбие элементьерінің бір-бірімен тығыз
байланыстылығын немен түсіндіресің?
Әдіснамалық тұғырнамалық негізде еңбек тәрбиесінің абиотикалық және
биотикалық жақтарын қалай түсіндіруге болады?
7 тақырып Биологияны оқытудағы әдістер Мақсаттар:
-биологияны оқытудың әдістері жүйесімсн олардың негізгі белгілері және
классификация топтауы мен таныстыру
-биологияны мультимедиялық әдістері туралы ұғым беру
Жоспар:
Жекелеген оқьпу әдістері, оларға сипаттама
Оқыту әдістерінің жүйеленуі
Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
1 Дидактикалық бірлік (категория) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілерімен анықталатын күрделі құбылыс.
Әдіс (грек тілінен- бағыт, таным тәсілі, зерттеу)- нысанды игеруге бағытталған практикалық және теориялық әрекеттер жолы.
Оқыту әдістері - биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Биологияны оқыту әдістерінің дамуына биология ғылымының және практиканың, әдіснаманың даму бағыттары мен ой-пікірлері, биология әдістемесінің және дидактиканың жетістіктері әсер етеді.
Оқыту әдісі - бұл оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының, ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Ал осы максаттар білім беру мазмұнында іске асса онда білім мазмұнын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жеткізеді. Келтірілген анықтамада әрекеттестік жөнінде тегін айтылмаған, өйткені оқыту әр уакытта оқушы мен мүғалімнің бірлескен әрекетін меңзейді, сондықтан да әдістің өзіндік белгілері бар.
Біріншіден, оқыту әдісі мазмұнның бір құрам бөлігін игеруді және мазмұнын оқу материалында нақты іске асуын ұйғарады.
Екіншіден, ол мазмұн құрам бөлігіне байланысты қандай да бір игеру тәсілін (жолын) ұйымдастырады.
Үшіншіден, ұстаз бен оқушы әрекетінің сипаты қажет. Мынадай мысал келтіруге болады.
Жаңа білімді игеру, жаңа ақпаратты қабылдау, оны түйсіну, содан сол түйсінгенді еске сақтау. Олай болса ең алғашкы әдіс те - қабылдату әдісі, ол әр уақытта түсіндіруден, көрсетуден басталғаны дұрыс. Міне, осы әдіс - түсіндірмелі-көрнекілік (безендірілмелі) деп аталады.
Түсіндірмелі - көрнекілік әдіс, бұл - дайын ақпаратты хабарлау, яғни
плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған
құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім оқушыларға гүлді өсімдікті немесе
қоңызды мүшелерін, бөлшектерін анықтап қарау үшін беруі мүмкін, лекция
(дәріс) оқуы мүмкін т.б, Осының бәрі сол бір әдіс - өйткені барлық осы
жағдайда да мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әртүрлі жолмен береді.
Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілілерімен
қатынастырады, ұғынады, ссте сақтайды да сұраған кезде естігендерін
қайталайды, білетінді, танысты еске түсіреді. Түсіндірмелі - көрнекілік әдістің
педагогикалық мәні де міне, осында.
Оқытудың қазіргі талаптарында түсіндірмелі - көрнекілік әдістен білімді құрылымдауға көңіл қою талап етіледі: ұстаз оқушыларда оқылатын тақырып элементтерін олардың әуелі жақын байланыстарында, сонан соң қашығырақ байланыстыратында жете түсінуді қалыптастырады.
Білімді қолдану тәсілдерін, жолдарын игеру үшін - нұсқаушы -ойға түсіруші (қайта жаңғыртушы) әдісті пайдалану қажет.
Нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс. Бұл әдісті былай сипаттауға болады, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді (білім немесе әрекет), яғни, істелетін немесе орындалатын жұмыска нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады.
Осы нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеп айтып беру, тәжірибені қайталау сияқты жаттығулармен жүзеге асырылуы- мүмкін. Көбінесс оқулық мәтінін айтып беру басым болады.
Қарастырылған әдістер окушыларды білім, білік, дағдымен (Б.Б.Д)
қанықтырады, бірақ оқушыларға жеткілікті, олардың шамасына сәйкес
дәрежедегі шығармашылық әрекеттер тәжірибелерін меңгеруге мүмкіндік
бермейді. Осы мақсатқа жету үшін эвристикалық (демеу- іздеушілік)
зерттеушілік және проблемалық баяндау әдістерін қолдану қажет.
Демеу- іздеушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдісте ұста проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалылығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп (бұл кезде де проблемалық жағдай тудырылады), соңғы нәтижеге оқушының кадамдай, жылжуын, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып (болжам айту не оны тексеру жолдарын ұсынып) ұстаз оқушыны ішнара шешім табуға кірістіреді.
Зерттеушілік әдістің мәні- ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құралы
немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі, ойлаудың дәстүрлі еместігі, болжамдар кұру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді тасымалдау т.б.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның
шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру
әрекет түрлермен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Проблемалық оқыту -дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық
тапсырмалар әртүрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу
барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық
қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қияз танымдық мотивация қалыптасады.
Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың
сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты,
белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы
қояды; болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну,
шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану. Осындай
сызбанұсқа біз қарастырып өткен түсіндірмелі-көрнекілік және қайта
жаңғыртушы әдістерден негізді айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Проблемалық жағдаятты анықтап, ұстаз оны шешу жолының логикасын ашады, қарама -қайшылықтарды және оның туындау кездерін көрсетеді, сонан соң проблеманы шешудегі әрбір қадамды дәлелдейді.
2 Оқыту әдістері үш топқа бөлінеді: ауызша (білім көзі біреу сөз), көрнекілік (білім кезі екеу - сөз және көрнекілік) және практикалық (білім көзі үшеу - сөз, оқу нысаны және пәнді практикалық тексеру).
Ауызша әдістер тобына әңгіме, пікірлесу, түсіндіру, дәріс оқу жатады. Бұл жерде мұғалімнің әрекеті сөз жүзінде көрінеді, ал оқушылардың әрекеті тыңдау, ұғыну және ауызша немесе жазбаша жауаптар беру.
Әңгіме әдісі биологияны оқытуда жиі қолданылатын ауызша әдістің түрі. Пікірлесу пікір алмасу тұрғысында болатын сұрақ- жауап түрінде оқу материалын талдау, оған мүғалім мен оқушы қатысады. Пікірлесудің мақсатты бағытталғандығы мәнін ашу үшін алынатын нақты сұрақпен анықталады, оған оқушылар білімдері пайдаланылады. Пікірлесу белгілі бір қорытындымен тұжырыммен аяқталады.
Пікірлесуді оқу материалын қайталау үшін, сабақ соңында білімді бекіту үшін, жаңа сабақтың басында оқушыларды жаңа мәліметтерді қабылдауға ыңғайлау үшін қолданады. Сабақ барысында ұстаз пікірлесуге қосатын сұрақтарын күрделендіруі қажет. Сұрақтарға сәйкес жауаптар да дамып күрделене түседі. Сөйтіп, оқушылар бірте-бірте күрделі логикалық міндеттерді шеше бастайды, бұл олардың ой-өрістерінің дамуына қажетті жағдай.
Түсіндіру биология сабактарында және танымжорык кездерінде жиі
қолданылады. Ол оқу материалын деректер мен дәлелдемелер негізінде нақты,
логикалық баяндап қорытындылар жасаумен сипатталады.Түсіндіру ойлап
саралаумен жүреді. Практикалық, сабақтар жөнінде қысқа, анық нүсқау беру де
түсіндіру болып табылады.
Мектеп дәрісі - ол оқу материалы мазмұнын 20-25 мин. ауызша баяндау. Мазмұнына қарай және оқушылардың дайындығына байланысты дәріс әңгіме немесе пікірлесумен араластырыла алады.
Көрнекі әдістер тобына тәжірибелер мен көрнекі құралдар көрсету, заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекі, сурет түрінде (сурет, сызбанұсқа, нақпішін, нобай) көрсету жатады. Мұғалім сөзбенен оқылатын нысанды бақылау, карауды ұйымдастырады, ал оқушы, бакылап отырып оны ұғынады, корытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді.
Практикалық әдістер тобына биологияда оқылатын нысанмен немесе
окулықпен орьшдалатын жұмыс түрлері жатады. Оларды сабактардағы
зертханалық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақтарда,
таным жорықтарда, тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе алаңында
пайдаланады.
3 Биологияны окытудың мультимедиалық әдістері қазіргі таңда тек сыныпта ғана колданылады, себебі, комппьютерлер және мультимедиялық құралдар бөлмеде, бір орында ғана тұруы тиіс.
Мультимедиа ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі.
Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар окушыға автоматтық жүйемен жұмыс барысында виртуальды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданылады.
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), керсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді) және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта кұрудың керегі жок. Білім көзінің басым сипатына қарай (ақпарат көзіне) кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әдістер тобына кіре алады.
Әйткенмен мультимедиалық (кешендік) оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері - олар ақпараттар беретін барлық каналдарды өзінде тоғыстырған.
Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуальды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.
Әдебиеттер тізімі, 136-170 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 .«Окыту әдістері» деген ұғымға сипаттама бер
Оқыту әдістерінің қандай өзіндік белгілері бар?
Түсіндірмелі көрнекілік әдістің неге лайық ақпаратты хабарлау әдісі деп
атаймыз?
4.Түсіндірмелі - көрнекілік әдістің педагогикалық мәні неде?
5. Нұсқаушы - еске түсіруші (кайта жаңғыртушы) әдісті қандай жағдайларда пайдалану қажет.
8 тақырып Оқушылардың білімін іскерлігімен дағдысын бекіту және
тексеру
Мақсаттар:
- биологияның құрама сабағының структурасын, оның негізгі кезеңдерін
үйрету
- құрама сабағының жоспар- конспектін құрастыруға үйрету
Жоспар:
Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы
Білімді бақылаудың түрлері мен әдістері
Тест және тестік білім тексеру
4 Оқушылар білімін бағалау мүмкіндіктері
1 Бақылауды жоспарлы турде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір уакыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді, жекелеген оқушылардың және толық сыныптың олқылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мүғалімнің өзін-өзі тексеру құралы болып табылады, олай болса, оның жұмысының сапасын арттыру құралы да болып табылады. Оқушылардың жетістіктері жөніндегі ақпарат ата-аналар үшін де маңызды, сол арқылы олар өз балаларының үлгерімін бақылауға қатысып, оларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау биологияны оқытудың дәрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып саналады. Оқушылардың білімі және біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді әдіс тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын бағамдауға, білім игеру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Бақылау формалары. Кез келген биология сабағының маңызды қыры -білім тексеру мен есепке алу. Сондықтан тексерісті ол әрбір оқушының таным әрекетін белсендіретіндей және игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйымдастыру керек.
Ауызша тексерісте қойылатын сұрақтар баланың шамасы жететіндей және түсінікті болып, сонымен қатар тек бір сөзбен ғана жауап беретін емес, түсінікті баяндайтындай болуы керек.
Жаппай ауызша тексерістің (немесе жылдам сұрау) жеке сұраудан айырмашылығы, бірінен кейін-бірі қойылатын бірнеше сұрақтарға жауап беруде. Тексерудің осындай формасы балаларды белсендіреді, мұғалім орнынан төмен және орта үлгерімдегі балаларды түрғызып сұрай алады.
Тығыздалған сұрау дәстүрлі ауызша сұраудан айырмашылығы
қарқындылығы мен шапшаңдығында. Балаларға қойылған сұрақтар оларды қайталап сұрамайтындай түсінікті болуы тиіс. Кейбір оқушылар тақта алдында суреттер, таблицалар, нобайларды пайдаланып кезекпен жауап берсе, келесілері орындарынан жауап беріп, бірін-бірі толықтырып, қателерін түзетіп жатса, басқалары жазбаша жұмыс жасайды.
Жазбаша жұмыс биологиядан білім тексерудің бір формасы. Осы жұмыстың нәтижесі де оқушының оқу материалын каншалықты меңгергенін, білім көлемін және таным әрекеті мен оқыту пәрменділігін анықтауға мүмкіндік береді.
2 Білім тексерудің төрт түрін бөліп атауға болады: алдын ала, ағымдық, мерзімдік, қортынды. Бұларды оқу үрдісіндегі орны мен қызметіне қарай бөледі.
Ағымдық бақылау сабақтар мен танымжорықтар сияқты күнделікті жұмыстарда және оқытудың басқа да формаларында жүргізіледі. Осы кезде ұстаз үнемі әрбір оқушының және барлық сыныптың білімін, біліктілігін сонымен қоса құндылық қатынастарының дамуын бақылап отыруға мүмкіндік алады.
Ағымдық бақылаудың формасы мен ондағы қолданылатын әдістер алуан түрлі. Қолданылатын әдістер дидактикалық максаттарға байланысты.
Мерзімдік бақылау әдетте тақырыпты оқып біткен соң немесе оқу тоқсаны мен семестр соңында жүргізіледі. Тексерудің бұл түрін әсіресе тақырып (тарау) немесе курс соңында, яғни оқу материалының логикалық біткен бөлімінен кейін жүргізген орынды. Осындай тексерістің басты мақсаты -барлық тақырыптың оқу мазмұныеың меңгерілу сипатын анықтау үшін: негізгі ұғымдардың, заңдардың, үрдістердің, байланыс-себетіліктеріи анықтау. Сұрақтар оқушыларды толық жауап беруге, салыстыруға, дәлелдеуге, өздірінің пікірлерін айтуға бағыттауы тиіс.
Қорытынды бақылау өз қызметі бойынша мерзімдік тексеріске өте ұқсас,
өйткені оқылатын оқу курсы немесе жартыжылдық, жылдық нәтижені білу
үшін жүргізіледі. Кейбір мектептерде, кейбір жекелеген жоғарғы сыныптарда
қорытынды тексеріс емтихан болып табылады. Қорытынды тексеріс жалпы
үлгерім бағасына әсер ететіндіктен оқушыларды да, ұстазды да қобалжытады.
Оқушының білімі мен біліктілігін тексерудің соңғы кезеңі - бағалау.
Білімді бағалау тек қана оқу мазмұнын бақылауда ғана емес, жаңа материалды баяндағанда да болады. Ұстаз жаңа материалды баяндау кезінде сұрақтар қойып, бақыланған құбылысты түсіндіруді, олардың себеп салдарларын ашуды сұрайды. Оқушылар әртүрлі тірі нысандардың қасиеттерін салыстырып, кейбір деректерді түсіндіруде қатысады. Осы кезде мұғалім окушының бұрын игерілген білім мен біліктерін қалай пайдаланғандарын, жауаптарын қандай формада баяндағандарын тексереді. Осындай жұмысты мұғалім міндетті түрде бағалауы тиіс.
3 Тест - ағылшын сөзі, аударғанда «үлгі», «сынақ», «зерттеу» деген үғымдарды қамтиды. Бұл термин физиологияда және медицинада, психологияда және педагогикада әртүрлі тұрғыда қолданылады. Физиология мен медицинада ағзадағы жүріп жатқан әртүрлі үрдістерді оқып зерттеу
мақсатында оған әсер ету тест дсп айтылады. Психология мен педагогикада , орындау нәтижелеріне қарай ББД -ны бақылайтын және зерттелуші адамның тұлғалық сипатын байқайтын әдетті тапсырмаларды атайды.
Педагогикалық тестер - окушылардың оқу үлгерімін тексереді. Тестік тапсырмалар екі түрге бөлінеді: ашық және жабық. Ашық тестік тапсырмаларда оқушы өзі қысқа жауаптарды берілген қағазға толтырады, ал жабық тсст кезінде ол бірнеше жауап варианттары ішінен таңдап алады, бұл жауаптардың тек біреуі ғана дұрыс болады. Кейде әртүрлі бөліктерден бір тұтасты құрастыру үшін жауаптар тобы беріледі де оның ішінен бірнеше дұрыс жауаптар таңдап алу керек болады. Бірақ бұндай тапсырмалы тестер өте сирек кездеседі, себебі статистикалық өңдеуге қиын соғады.
Білімді бағалаудың біз қарастырып өткен түрлері қазіргі кездегі
кең таралған түрлері. Оқушылар білімін балл қою арқылы (1-5) бағалау түрі - бұл эксперттік бағалау. Бұл жерде эксперт ұстаз, әдістемеші, инспектор, жоғарғы оку орны оқытушысы т.б. бола алады. Балдық білім бағалаудың артықшылығы, ол арқылы кез келген жұмысты бағалауға болады - тәрбиелік сипаттағы және шығармашылық тұрғыдағы, сонымен бірге олардың жекелеген бір параметрлерін ғана емес, тұтас алғанда, жалпылай. Жазбаша не ауызша жауапты бағалай отырып ұстаз оқушының материалды меңгеру деңгейін, жауап беру логикасын, дәлелдеу және жоққа шығару жолдарын дұрыс құру қабілеттерін, болжам құрып оны тексеру жолдарын ойластыру біліктіліктерін ескереді. Оның үстіне білімді бағалаудың үйреншікті әдісінде, мысалы ауызша жауапта, әркез кері байланыс болады. Мұғалім тек оқушы ойын басынан аяғына дейін бақылап кана қоймай, оған кез келген кезде көмек бере алады. Ол баланың қандай білімнің жаңа элементін меңгергенін, қандайын қосымша түсініктемелерден соң меңгергенін, ал қандай материал оған қиын болып тұрғанын, қысқасы оқушының жақын болашақтағы даму аймағын анықтау мүмкіндігіне ие. Ал тсст бойынша олардың бірі де істелмейді.
Балл бойынша білімді бағалаудың кемшілігі оның субъективтілігінде, яғни , ол үнемі қандай да эксперттің аз әрі дегенде бірнеше тәуелсіз эксперттердің пікірлері болып табылады. Олай болса, әртүрлі эксперттер бір жұмыстың өзін әртүрлі бағалайды.
Тестер білім, білік, дағдының тек жекелеген элементтерін ғана ескереді, бірақ соның өзі осы элементтердің объективті өлшемі болып табылып, соның негізінде оқушылардың жалпы білімі жөнінде белгілі бір пікір қалыптастыруға болады. Тестік әдіспен білім бағалау тексерілушінің және тексерушінің де көп уақытын алмайды, аз уақыттың ішінде үлкен көлемді материалды тексеруге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі: 1, 322-335 бет
Достарыңызбен бөлісу: |