Дәріс тезистері 1-тақырып. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама



бет9/23
Дата02.11.2022
өлшемі327,5 Kb.
#156305
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Д ріс тезистері 1-та ырып. Сауат ашу дістемесіні теориялы нег

Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама
Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған орай «Сауат ашу» пәні бойынша төмендегідей оқу-әдістемелік топтама жасалады.

  1. Стандарт

  2. Бағдарлама

  3. Әліппе, Ана тілі (оқулықтар);

  4. Сауат ашу әдістемесі (әдістемелік нұсқау);

  5. Сауат ашудан дидактикалық материалдар

  6. Грамматикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.

  7. Әліппе серігі

Оқу-әдістемелік топтамада оқу бағдарламасы мен оқулықтың алатын орны ерекше.
Бағдарлама – оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пән бойынша білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе. Бағдарламаның құрылымы негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) Түсініктемеде оқытылатын пәннің мақсаты анықталып, оны жүзеге асыру міндеттері көрсетіледі. 2) Білім мазмұнында тақырыптарды, ереже, ұғым, анықтама материалдарын игеруге қажетті білім, дағды көрсеткіштері анықталады. 3) Әдістемелік нұсқауында пәнді меңгеруге байланысты қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқу құралдары, көрнекіліктер мен әдебиеттер тізімі, дидактикалық материалдар анықталады, сонымен қатар білім, білік, дағдыны тексеру түрлері мен бағалау нормалары көрсетіледі.
Оқулық мектеп ұсынатын оқу материалының базалық (инварианттық) деңгейіне сай жасалады, яғни оқулықта бастауыш сатыдағы бала психикасының әр жасқа сәйкес ерекшеліктері ескеріліп, тартымды, түсінікті, стилистикалық жағынан сауатты жазылған мәтіндер берілуі керек. түрде түсініп, оны сөйлеу практикаларында дұрыс пайдалана білуі басты бағдар етіп алынған.
Жаңа «Әліппе» оқулығы профессор Ш. Әуелбаевтың жетекшілігімен, ғылыми қызметкер Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, бастауыш сынып мүғалімі А. Құлажановалармен авторлық бірлестікте жазылып, 1997 жылы «Атамұра» баспасында алғаш рет басылып шықгы.
Ал, 1999 жылы «Әліппе» окулығының өнделген 3-ші басылымы шығарылды. Өндеуде: барлық суреттер қайта салынды, бағандағы сөздердің жүктемесі азайтылды, кейбір мәтіндер өнделді, әліппеден кейінгі кезендегі мәтіндердің біразы сағат санына сәйкес қысқартылды.
«Әліппе» окулығы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына, бастауыш білім тұжырымдамасына, оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет