Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Дәріс 10. Этносаралық кикілжіңдер және этникалық экспансия



бет23/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс 10. Этносаралық кикілжіңдер және этникалық экспансия.

Этносаралық, ұлтаралық кикілжіңдер – сан ғасырлық мәселе. Ол адамдардың қарым-қатынастарын құрудағы аса күрделі мәселелердің бірі. Жер бетінде мыңдаған жылдар ішінде осындай кикілжіңдерде сан жетпейтін көптеген қан төгілді, талай қайғы жұтылды. Солай бола тұрса да, адамдар үлкен ұстамдылық, такт, түсіністік, ақылдылық, саналылық көрсете отырып, кикілжіңді жағдайларды әрқашан да жеңе білген, бұл жағдай әртүрлі этностардың, әртүрлі ұлттардың адамзаттың тірі қалуының жалғыз ғана шарты ретінде қатарласа өмір сүруін қамтамасыз етті.


Алайда бүгінгі таңда ұлтаралық кикілжіңдер олардың сипатына, өріс алуына, жүзеге асырылу негіздемесіне және жағдайларына орай ерекше үрей тудыруда. Олар экономикалық, энергетикалық, экологиялық, демографиялық мәселелерді түпкілікті шешу қажет болғанда, қоғам дағдарысының шиеленіскен жағдайында дамып отыр.
Адам, адамзат бізге қауіп төндіріп тұрған апаттардың барлық қауіптілігін сезініп, түсініп қалды. Бірақ осылай бола тұра, топтық, жалпы жауапкершілік, әрекеттердің мүмкіндіктері мен бағытталғандығы әлі күнге аяғына дейін түсініле қойған жоқ. Шартты түрде айта отырып, адам қоғамының қазіргі күйі үлкен мәселе, бірақ жалпы алғанда тірі болу, Жер бетінде сақталып қалу үшін барлық ұлттардың күш-жігерін үйлестіру қажеттігін, достастықта болу қажеттігін түсінудің бүкіл тереңдігінің әлі де жоқ болып отырғандығымен сипатталады.
Көп жағдайда топаралық кикілжіңнің жандануының арқасында конфликтология жылдам дами бастайды. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай кикілжіңдердің әр түрлігіне қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизмдеріне ие.
Топаралық кикілжіңдер мен өшпенділіктердің пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен үлес қосты. Әр түрлі психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевввиористік, когнитивті, іс-әрекеттік) өкілдері топаралық кикілжіңдердің механизмдерінің бірін оған үлкен мән бере отырып дәлелдеді. Сондықтан, топаралық кикілжіңнің пайда болу механизмдерін қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет:
- Әр түрлі топаралық кикілжіңде олардың пайда болуының қандай да бір механизмі үстем болуы мүмкін;
- Топаралық механизмдер тұлғааралық өзара әрекеттесудің психологиялық механизмдеріне қарағанда анағұрлым кертартпа болады.
Топаралық кикілжіңнің пайда болуының негізгі механизмдерінің ішінен топаралық өшпенділік: мүдделердің обьективті кикілжіңдері, топішіндегі фаворитизмді бөліп көрсетеді /1/.
Ал өзіндік сананың қалыптасуы әртүрлі даму сатысында пайда болған толғанудың не қобалжудың негізінде өзіндік сана қатынасының бар екенін көрсетеді. Ол өзіндік сана қалыптасуының және әлеуметтік адамгершілік қатынастың даму деңгейін бейнелейді. Осы сананың қалыптасу деңгейінде «өзінің этносы» туралы пікір өз ұлтына және басқа қауымға қатынасы қалыптасса, ол өзіндік идентификация деңгейінде өзіндік сананың жеке бағасы анықталады. Өзіндік сананың идентификациясы – тұлғаның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы оның өзгеше қасиеттеріне, мәдениетіне, тіліне, тарихи өткен өміріне тән /2/.
Этникалық өзіндік сана категориясын топтардың қоғамдық психологиясының күрделі құрылымдық білімдердің бірі ретінде түсіндіруге болады. Этникалық өзіндік сананың қалыпты бағыттарының пікірінше, басқа халықтарға деген аштықты, қарым-қатынасқа әділеттікті, өзіндік этникалық ерекшеліктерді дамытуын көрсетеді.
Мұндай жағдайда ұлтаралық кикілжіңдер адамзат қауымдастығының тіршілікке қажетті байланыстарын құру кезінде тұрақсыздандырушы фактор болып отыр.
Олардың жалпы мәдени потенциалын арттыру негізінде ұлттардың сана-сезімінің даму нәтижесі болып табыла отырып, ұлтаралық кикілжіңдер көбінесе өздерінің мақсаттарында, талаптарында тәуелсіздік үшін күрестің жоғары идеалдарын демагогиялықпен желеу етіп отыр. Техникалық қуат (тек қана қару-жарақ техникасы ғана емес, бастырмалатын, бұрын-соңды болып көрмеген прессинг жасайтын ақпараттық техника да көкейде тұр), адамзат прогресін қамтамасыз етіп отырған көптеген қазіргі жетістіктер дәл сол уақытта адамдарды аяусыз және жаппай физикалық және рухани жою құралы болып шығатындықтан, бұл ретте олар өзінің сипаты мен пәрменді күші бойынша өте қауіпті.
Ұлтаралық кикілжіңдер өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мазмұны бойынша өте күрделі. Оларды қарқындылықтың, ұзақтықтың, көрініс табуының әртүрлі дәрежесі – саяси дискуссиядан бастап қантөгіске дейін ерекшелендіреді. Олардың көпшілігі осыдан келіп туындайтын, ішкі және сыртқы қатынастардың күрделі құрылымдануының зардаптарымен мемлекеттік өзін өзі таныту деңгейіне шығады /3/.
Олар түрі, көрініс табу түрі бойынша алуан түрлі, кей кездері ұлтаралық кикілжіңнің өзінің шеңберіне ұлт ішіндегі саяси бояуы бар кикілжіңді қоса отырып, көп қабатты келеді.
Ұлтаралық кикілжіңдер этностың ішінде де күрделі этносаралық бірлестіктердің шеңберіндегі интеграциялану және дифференциациялану процестерімен ұласып отырады. Бұл ретте дифференциациялану көбінесе әлеуметтік-мәдени өзін өзі танытудың жаңғыртылуымен байланысты ұлттық өзін өзі анықтау мен этникалық сана-сезімнің өсуіне ғана емес, дифференциацияланудың оңды жақтарын теріс жақтары жауып тастайтын этноцентризмнің, этноэгоизмнің дамуына да негізделеді.
Ұлтаралық кикілжіңдердің көрініс табуының барлық осы және өзге де ерекшеліктері бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ұлтаралық қатынастардың дамуының түпкілікті белгілі бір аясын сипаттайды. Мұнда жүріп жатқан процестерді дұрыс түсінудің және түсіндірудің нақтылы этносаралық кикілжіңдердің ерекшеліктерін анықтау үшін ғана емес, олардың пайда болуының, басылуының, нивелирлеу мүмкіндіктерінің жалпы тенденцияларын ашып көрсету үшін де түпкілікті маңызы бар /4/.
Тарих қойнауына келмеске кеткен елді қалай бағалағанда да, ол өзінің экономикалық ұйымдарына интеграцияланған ғана емес, ерекше маңызды болып отырғаны, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан, миллиондаған адамдардың қарым-қатынастарын байланыстырып келген және әлі күнге дейін байланыстырып отырған, нақтылы өмір сүрген қуатты және орасан зор бірлікті көрсетті.
Бүгінде мұнда, Еуразия құрлығының айтарлықтай бөлігінде, тек өзіндік тұрғыдағы «этносаяси қайта тон пішу» және жаңа мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы жүріп қана қоймай, объективті түрде жаңа, өте қауіпті жағдай туындауда. Ол бұрынғы кеңес халықтарының әрқайсысы үшін қауіпті. Біз жекелеген этносаралық локальды кикілжіңдер құбылысымен емес, тіптен осындай кикілжіңдердің жиынтығымен емес, үлкен, мазмұны бойынша күрделі кикілжің құбылысымен, іс жүзінде бүкіл әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық жағдайды тұрақсыздандырып отырған, ерекше әлеуметтік бірліктің ыдырау кикілжіңімен кездескендіктен, ол жалпы алғандағы әлем қауымдастығы үшін де қауіпті.
Сондықтан кикілжіңді ғылыми негіздей отырып бағалау және түсіну ерекше маңызды.
Осындай бағалау мен талқылаудың ең маңызды сәттерінің бірі болып осы процестің сипатын оның барлық тұтастығында және кеңістіктік-уақыттық координаталарында қарастыру табылады.
Қазірде көптеген мемлекеттерде өрістеген, қарулы қақтығыстарға дейінгі этносаралық кикілжіңдердің және, одан да бетер, этносішілік кикілжіңдердің сұрапыл шындығы – қазіргі күніміздің ең қайғылы шындығы. Жаппай адам қыру, зорлық-зомбылық, кепілге адам ұстау жүріп жатыр; 2-3 жыл ғана әртүрлі ұлттың адамдары жай ғана жақсы көршілік қатынастарда болып қана қоймай, бір бірінің қай ұлтқа жататындығына ерекше мән бере қоймай, белсенді түрде туыстық байланыстарға кіріп жатқан аудандардан қашқан ондаған мың босқындар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет