Тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тіршіліктің жасушалық емес формалары:
A +Вирустар
B Өсімдіктер
C Жануарлар
D Балдырлар
E Саңырауқұлақтар
Ең алғаш рет жасушаны ашқан, «жасуша» деп атауды ұсынған ғалым
A +Р.Гук, 1665ж.
B А.Ливенгук, 1666 ж.
C М. Шлейден, 1668 ж.
D Р. Вирхов, 1678 ж.
E А.Левенгук, 1669 ж.
Прокариоттарға жататын организмдерді ата:
A Жануарлар
B + Бактериалар
C Өсімдіктер
D Насекомдар
E Көп жылдық шөптесін өсімдіктер
Өсімдіктерге түс беретін органоидты тап:
A Қабықша
B Митохондрия
C Ядро
D +Пластид
E Цитоплазма
5. Көмірсулардың жасушада атқаратын қызметі:
A Катализаторлық
B Тасымалдау
C Қорғаныш
D +Энергетикалық
E Тұқымқуалау ақпаратын сақтап қалу
Вирусты ашқан ғалым және оның еңбектері
Вирустардың негізгі ерекшеліктері
Бактериялардың пайдасы
Саңырауқұлақтардың маңызы
Бактерияларды ашқан ғалым және оның еңбектері
|
2
|
№ 11
дәріс
|
Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипаттама, олардың систематикасы жүйелік топтары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Өсімдіктер дүниесіне сипаттама
2. Жануарлар дүниесіне сипаттама
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы: Қайыңдыдағы шыршалар. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді.
Жануарлар дүниесінің дамуы. Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, былдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |