Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер.. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер ) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де өзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. Оларға ежелгі адамдар (архантроптар), ертедегі адамдар (палеоантроптар)және осы заманғы адамдар (неоантроптар )жатады. Ежелгі адамдардың барлық топтары бір ғана тік жүретін (Homo eretus ) адам түріне жаталы. 1891 жылы нидерландтық ғалым Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 600 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа деп атады. Ол гректің “маймыладам ”адам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл – адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 грам, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. Питекантроптың ортан жілігінің құрлысының адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп, тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға. ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған “маймыладам”деген ат берілді. Кейінен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға ( ежелгі адамдарға ) немесе тік жүретін ( Homo erectus ) жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрі бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұлардың қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп (ява адам), синантроп ( қытай адамы ), гайдельберг адамдары деп атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас, әрі миының салмағы да үлкен : 750, 900 г, кейде 1000 – 1100 г. Арханотроптардың бойының ұзындығы 165 – 170 см. Бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі.Архантроптардың бір тобы – синантроп ( қытай адамы ) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пнкин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғылымда гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кейде неандерталь адамдары деп атайды. Палентроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ой және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ертедегі адамдардың өте төзімді әрі батыл. әрі ептілері ғана тірі қалып, ұрпақ жалғастырған. Бұл кезеңде :ұжымдасып еңбек ету, тіршілік үшін бірлесе отырып күресу және ақылға салып ойлау маңызды рол атқарды. Оларды ғылыми тілде қазба түрдегі неонтроптар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды. Өйткені бұл кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары ең алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50 – 30 мың жыл бұрын өмір сүрген. Кроманьон адамдары алғаш рет кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған және егіншілікке де алғаш қадам жасаған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғи туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу, т. б. сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам пайда болды. Орыс ғалымы Я. Я. Рогинскийдің ( 1895 – 1986 ж.ж ) пікірі бойынша адам эволюциясында мынадай басты морфологиялық өзгерістер болған. Біріншеден, адам қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеру арқылы тік жүріп тіршілік етіуге көшкен. Екіншіден, миының құрылысы күрделеніп, дамыған және оның көлемі де ұлғайған. Үшіншіден, адамның жақ сүйектері кішірейіп, сөйлеу қабілеті пайда болған. Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл – Фараби бабамыз да орынды бағалаған. Ол адамдыңжер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілгендігін, адам еңбек құралдарын жасап, оларды қажетіне жарата білгендігін атап көрсеткен. “ Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтерілген. Адам мен еңбек бірінен – бірі бөлінбейді. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып жоғары көтереді, оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызады ”, - деп маңызды тұжырым жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |