Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы: Ч. Дарвин іліміне «Бигел» кемесімен саяхат жасағанда жинаған экспедициялық материалдары да көп пайдасын тигізді. Ч. Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанмен эволюция - өзгергіштіктің қатар жүруінен болатын құбылыс екеніндігін дәлелдеді. Ол тек табиғаттың табиғи заңының әсерінен дамитының түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып дәлелдеп берді. Ч. Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырма- шылықтардың және тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Әсіресе Галапагос аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Өсімдіктерден – кұрделігүлділер тұқымдасының 20 түрін жинады. Осы аралда құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Таушымшықтардың 13 түрін байқады. Галапагос аралдары Оңтүстік Американың батыс жағалауларынаң 700 км қашықтықта жатқандық- тан құстардың түрлерінің 85%-ы аралдан басқа жерде кездеспейді. Аралда үш апта болып, таушымшықтардың негізгі өзгеріске ұшрағаны тұмсықтары екеніне көз жеткізді. Тұмсықтарының өзгеріске ұщырау себептері қорек түрлеріне байланысты деген тұжырымға келді. Шыққан тегі бір болғанмен қоректің түріне байланысты тұмсықтарының өзгеруін мына мысалдан білуге болады. Мысалы, егер тұмсығы жуан болса – қатты тұқыммен, жіңішке ұзын болса – жеміс-жидектермен, біз тәрізді үшкір болса – жәндіктермен және гүл шірнесімен қоректенгендіктен өзгерген.
Тест тапсырмалары және сұрақтар: Тарихи даму, өзгеру, өрлеу мағанасын білдіретін термин:
A + Эволюция
BПопуляция
C Филогенез
DБиогеоценоз
E Микроэволюция
2. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:
AЦитоплазма
B Митохондриялар
CЛизосомалар
D + Хромосомалар
EВакуоль
3. Даралардың айналадағы әр түрлі күрделі орта жағдайларымен қарым-қатынасын Ч.Дарвин ... деп атады.
A Табиғи сұрыптау
BҚолдан сұрыптау