Дәріс Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Қарым-қатынастың перцептивті, интерактивті және коммуникативті жағы



бет3/4
Дата19.10.2022
өлшемі29,16 Kb.
#153867
1   2   3   4
Байланысты:
7 дәріс

Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады.
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын. Әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Осыған бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация” атауын алды. Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Ласуэлл ұсынды. Оның коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады:
1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор
2. Не? (беріліп тұр)- хабар(текст).
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна.
4. Кімге? (бағытталған хабар) – Аудитория.
5.Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі.
Сөздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар:
Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емыс белгілер жүйесі арқылы алады. Ақпараттың көпшілігі адам:
а)55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы)
б)40% дауыс (интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы)
в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%көру, 9%есту, 1%т.б.
Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады.
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады.
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:
- онаң сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебікейбіреулердің арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші , төмен сезінеді.
- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді, позалардың тең еместігі.
 Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасып және өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым – қатынастың осы жағы сипаттағанда жеке адамаралық қарым – қатынастың түрлерін талдау мен қарым –қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет