Фотопландар және оны дайындау технологиясы. Фотоплан деп ортогоналдық кескіндеуде жэне берілген масш- табта жасалған жер бетінің фотографиялық көрінісін айтады. Фотопландар мемлекеттік бөлу рамкасында немесе ауылшаруашылық мекемелердің жер пайдалану шекарасында жасалады.
Көлбеу суреттерді, егер олардың перспективалық бұрмалану- шылығын жойсақ, горизонталь суреттерге келтіруге болады. Перспективалық бүрмаланушылықты жоюды трансформирлеу дейді. Трансформирлеу арнайы қүралдар - фототрансформаторлармен жасалады.
Егер жер бедеріне байланысты нүктелердің жылжуы 0,4 мм асса, онда трансформирленген көрініс ортогональдық кескінге сэйкес болмайды, өйткені эр түрлі биіктікте орналасқан жер бетінің көрініс масштабы эр түрлі болады. Сондықтан барлық суреттерді бірдей масштабқа келтіру есебі туады. Көп жағдайда келтіру масштабы топографиялық масштаб болады. Бұндай есептер трансформирлеу кезінде арнайы технологиялық тәсілдермен шешіледі.
Суреттерді трансформирлеу үшін эр суретте координаталары белгілі төрт нүкте болуы керек. Суреттерді трансформирлеу үшін бүл нүктелердің биіктігі де белгілі болуы керек. Нүктелер жүмыс- тық ауданы бүрыштарында орналасады. Олардың координаталарын геодезиялық өлшеулер жүргізіп табады. Ондай нүктелерді негіз нүктелері дейді, ал оларды алуды -