Материалдардыдайындау кезінде жүмыс жүргізу объекті фотомонтажын жэне сурет жинағын таңдайды. Карталардағы геодезиялық пункттерді фотомонтажға түсіреді, содан соң оларды суреттерде орналасуы мүмкін деген жерлерге белгілейді.
Фотоплан дайындау кезінде пайдалану жерлерінің шекарала- рында көшірме жасайды және бүл шекараларға геодезиялықмәліметтер жинайды. Ауылдық тұргын елдің фотопланын дайын- дау кезінде пайдалану жерінің көшірмесін жасайды. Көшірмеде ауыл шекарасының бойындағы геодезиялық мәліметтер, ауыл жанындағы ауыспалы егістіктердің шекараларын, топографиялық жағдай элементерін, ауылдық тұрғын елге жақын жерлердегі пайдалану жерлерінің шекараларын және олардың шекаралық нүкте- лерінің номерлерін көрсетеді. Сондай-ақ, көшірмеде облыстың, ауданның, тұрғын елдің, қожалықтың аттарын көрсетеді.
Фотомонтаждың үстінде негіз нүктелерін байластыру жэне түсіру негізін дамыту жобасын қүрастырады. Үлкейтілген (шама- мен 4 есе) фотокөрініс қолданылса, біріңғай пландық байланыс- тыру қолданылады. Қалған жағдайларда сиретіп пландық байла- ныстыру қолданылады. ¥қсас және аналитикалық тәсілдермен фотограмметриялық жиілендіру кезінде негіз нүктелерінің тыгыз- дығы есептелінеді.
Жабық жерлерде суреттерді пландық байланыстыру үшін теодолиттік жүрістерді түйық полигондар жүйесі немесе түйін нүктелерден түратын жүрістер ретінде жүргізеді, ал ашық жерлерде тура және кері қиылыстыру тәсілдері көмегімен орындайды. Байланыстыру тәсілін таңдауда негіз нүктелерінен триангуляция пункттеріне көрініс болатындай мүмкіндікті анықтау жэне жергілікті кедергілерді айналып өтетін тәсілдерді қарастыру үшін суреттер- мен топографиялық карталарды мүқият оқиды. Содан соң фотомонтажға және суреттерге негіз нүктелерінің орналасу зоналарын жобалайды. Жобаланған негіз нүктелері орны фотомонтажда диаметрі 5 мм қызыл шеңбермен көрсетіледі.
Негіз нүктелерін бірнеше суреттерге ортақ болатындай етіп орналастырады. Бұндай шарт негіз нүктелерін бойлық және көлде- нең жабулары ортасына орналастырган жағдайда орындалады. Негіз нүктелері базис сызығына 2 см жэне аэрофотосуреттің шетіне 1 см жақын орналаспауы керек. Фотограмметриялық жүмыстарды қамтамасыз ету үшін негіз нүктелері жер өңдеу шекарасы сыртында суретке түсіру базисінің үзындыгындай жерде орналасуы керек.
Негізгі нүктелерін орналастыру кезінде фотограмметриялық талапты орындап қана қоймай геодезиялық жұмыстардың да қарапайым орындалуын және жеткілікті дэлдікті бере алатындай етіп орналасуын ескеру қажет.
Маршрут секциясындағы негіз нүктелерініңорналасу схемасы
Негіз нүктелерінің орнын анықтау дәлдігі геодезиялық негіз торларына қарағанда план бойынша А = 0,2 мм аспауы керек. Бұл шарт теодолиттік жүріс жүргізу немесе триангуляциялық қүрылымдар жасауда техникалық шарт ретінде қолданылады. Ауылдық елді мекендердің планын дайындауда суреттерді байланыстыру көбінесе теодолиттік жүріспен орьшдалады.
Бұндай жағдайда жүріске ауыл шекарасының барлық бұрылыстарын қосады. Жобаланған теодолиттік жүрістер фотомонтажға түсіріледі және қызыл сызықпен сызылады. Байланыс нүктелерді диаметрі 1-2 мм қара шеңбермен белгілейді.
Айналаны шолу және негіз нүктелерін жер бетінде бекіту мемлекеттік триангуляция пункттерін тексеруден бастайды. Триангуляция пунктінің центрін жіңішке инемен тесіп, суреттің сыртына абрис сызады. Егер пункттің сыртқы белгісі сақталмаса, онда оның орнына қада орнатады. Қаданың биіктігі негіз нүктелерін пландық байланыстыруға көрініс болатындай болуы керек.
Пландық негіз нүктелері жер бетінде ұзындығы 0,3-0,5 м қазықпен бекітіледі және қабырга ұзындығы 1,2-1,5 м болатын үшбұрыш пішінді жыра қазады. Айналаны шолу нәтижелері бойынша орындаушы негіз нүктелерін геодезиялық тәсілдерменанықтау схемасын құрады. Бұл схемаға бұрыштардың және сызықтардың далалық өлшеу нәтижелерін жазады.
Негізгі сурет бетіне «негізгі» деп жазады, содан соң тірек нүктелерін қызыл тушпен диаметрі 8-10 мм шеңбермен жүргізіп, оның нөмірін жазады. Негіз нүктелерін танып, бекітіп және геоде- зиялық өлшеулер жүргізгеннен соң бөлек сызбада геодезиялық анықтау схемасын құрады. Сызбада өлшенген бұрыштардың және сызықтардың шамаларын көрсетеді. Әр сызбаға орындаушы қолын қояды.
Далалық журналдарды тексеріп жэне негіз нүктелерінің геоде- зиялық анықтау схемасын құрғаннан соң есептеу жүмыстарын бастайды. Есептеу нэтижесінде нүктелердің координаталарын анықтап, координаталар каталогіне жазады. Әр жер пайдалану немесе тұрғын елге техникалақ іс қағаз қүрастырады. Оған негіз нүктелері түсірілген фотомонтаж, схемалар, журналдар, координаталар ведомосі және басқа далалық жэне камералдық қүжаттар тіркеледі.
Биіктіктік негіздер геодезиялық немесе геометриялық нивелирлеу тәсілдерімен жасалады. Негіз нүктелерінің биіктігін анықтау дәлдігі бедер биіктігінің 0,1 бөлігінен аспауы керек.