Дәріс Ювеналды педагогика пәніне кіріспе. Ювеналды педагогика ғылым ретінде


Дәріс 10. Әлеуметтік-педагогикалық білімнің жаңа ғылыми салалары



бет8/9
Дата05.12.2022
өлшемі90,67 Kb.
#161223
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ювеналды педагогика

Дәріс 10. Әлеуметтік-педагогикалық білімнің жаңа ғылыми салалары
Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ортаның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады.
Әлеуметтік педагогиканың ұғымдары. Ең алдымен, әлеуметтік орта ұғымын анықтап алғанымыз жөн. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіде, баланың қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.
Әлеуметтік тәрбие – көп қырлы ұғым. Бұл – қоғамның болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы; қоғамның, ұжымның, өзге адамдардың адамды қолдауы, сүйеніш болуы, қол ұшын беруі, адамның отбасында, қоғамда қабылданған құқықтық, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық ережелер мен қарым-қатынастар үлгісін үйренуіне, қабылдауына жәрдемдесу. Нағыз тәрбие бала табиғатын, оның өмірлік тәжірибесі мен қызығушылықтарын терең түсінуді қажет етеді.
Әлеуметтік жұмыс ұғымы – белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алуы үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.
Балаға шағын ұжым ішінде өзін-өзі көрсете білуі үшін де, өтірікке, жаманшылық-тарға, атап айтқанда, қылмыстық ортаға, маскүнемдікке, нашақорлыққа, ата-аналар тара-пынан болатын қатыгездікке қарсы тұра білуі үшін де ересек әріптестерінің көмегі қажет.
Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын әлеуметтік педагогика,яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.
Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшеліктерді және қоғамдық тәрбиені есепке алады. Бұл ерекшеліктерді білу - әрбір әлеуметтік қызметкердің міндеті.
Әлеуметтік-педагогикалық көмек- тәуекел топтағы отбасыларда балаларды тәрбие-леуге және дамытуға, педагогикалық қателіктерді және жанжалдық жағдайларды жеңуге, ата-аналарға балаларды тәрбиелеу құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар құруға бағыттылған.
Әлеуметтік педагогтың «тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты - проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.
Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде және әлеуметтік сапа жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірде дамуға қажетті қолайлы жағдай жасалмаса, өмірлік маңызды шешімге келу кезеңіндегі кедергілер, яғни «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «тәуекелділік жағдайға» жетеді. Ал егер бұл тұста педагог маман араласпаса, қиыншылықтар көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «тәуекел тобына» амалсыз тап болады.
«Әлеуметтік жетім»феномені, яғни, ата-анасы тірі бола тұрса да балаларды мемлекетке тәрбиелеуге тапсыру: төмендегідей отбасының мектептен алшақ орналасуымен, ауыл арасында көліктің жоқтығымен, ата-аналардың балаларды оқытуға, тәрбиелеуге жағдайының келмейтіндігімен, тұрғын үйлерінің болмауымен, жұмыссыздық, миграциялық үрдістердің күшейе түсуімен, толық емес отбасы, маскүнемдік, ата-аналардың девиантты мінез-құлқы, кезбелік және т.б. әлеуметтік себептермен түсіндіріледі. Сол үшін де проблемадан шығудың жалғыз жолы ретінде, балаларды мемлекет қарамағына тапсыруға жол беріледі. Мамандардың айтуы бойынша, әсіресе, төменгі мектеп жасындағы балаларды мемлекеттік мекемелерде тәрбиелеу өте күрделі болуы мүмкін, интернатта баланың тәрбиеленуінің шығыны да көп.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, бұл проблемадан шығудың жолы ретінде бала және отбасы проблемаларын шешудің альтернативтік формаларын құруға және отбасыларға көмек көрсету үшін мақсатты бағытталған әлеуметтік жұмыс атқару ұсынылады.
Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп отырған қазіргі заманғыдай кезеңде, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарасы қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін де, жасөспірімнің өзі үшін де үлкен қауіп тууы ықтимал. Өйткені бұл проблема балалар мен жастар арасында қылмыстық әрекеттердің өсуіне алып келуі мүмкін. Онсыз да бұл проблема Қазақстан бойынша толықтай зерттелінбеген. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы ретінде әр мектепте балалар мен педагогтар, ата-аналар арасында профилактикалық жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың мамандығы енгізілуі тиіс деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет