Қызылқұйрық гүлтәжі (Amaranthus retreflexus) қызылқұйрықтар тұқымдасына жататын, кеш пісетін арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 15-120см-ге дейін жетеді.Бұл өте өсімтал арамшөп. Негізінен тұқыммен көбейеді. Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді. Тұқымы өте ұсақ, диаметрі 0,9-1,5 мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте ұсақ болғандықтан топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады.Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 12-150С температура қажет. Көктеп шыққанда түрі қызғылт болып қант қызылшасының исі шығып тұрады, сондықтан кейде оны қант қызылшасы қызылқұйрығы деп те атайды. Бұл арамшөпті малдар жақсы жейді, сондықтан бағалы сүрлемдік өсімдік болып есептеледі. Қызылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды. Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі.Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде кездеседі.
Мысыққұйрық (Итқонақ, мышей сизый, Setarіa glauca). Кеш пісіп жетілетін, астық тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы жеке даранемесе шоқ-шоқ болып өседі. Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. Сабағының басында масақ тәрізді гүлшоғы болады. Бұл өсімдіктің тұқым көлемі тарының тұқымымен бірдей, сондықтан оны бөліп алу өте қиын.Піскеннен кейін төгіліп қалған тұқымы сол жылы шықпайды. Ол үш-төрт ай тыныштықтан кейін, келер жылғы көктемде, топырақ 15-200-қа қызғанда 12 см-ге дейінгі тереңдіктен көктеп шығады. Алғашқы кезде баяу өседі, ал танаптағы дақылдарды жинап алғаннан кейін, яғни жаздың аяқ кезіне қарай қаулап өседі. Сондықтан кеш пісетін жаздық арамшөптерді, оның ішінде мысыққұйрықты, аңыздық арамшөптер деп те атайды.Мысыққұйрықтың тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 15-20 жылға дейін сақтай алады. Аталған бұл арамшөп барлық егістіктерді, әсіресе тары мен судан шөбі дақылдарының егістіктерін ластайды.
Тауық тары (Просо куриное, петушиное, Echіnochloa grus gallі). Астық тұқымдасына жататын, кеш пісетін, арамшөп. Сабағының биіктігі 100-200-ға дейін жетеді. Тауық тарының тұқымы ұсақ, көлемі 3-3,5 мм шамасында, өзінің өнгіштік қабілетін топырақта алты жылдан астам уақыт сақтайды. Қыстап шықаннан кейін көктемде жер әбден қызған кезде 1 см-ге дейінгі тереңдіктен жақсы көктеп шығады, алғашқы кезде баяу, ал кейін жылдам өседі, жақсы түптенеді. Отамалы дақылдарды, әсіресе жүгеріні, картопты, күнбағысты, қант қызылшасын ластайды.
Достарыңызбен бөлісу: |